• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 12 қыркүйек және 14 қазан аралығында «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды

275 рет
көрсетілді

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет аталымдар бойынша берiледi. Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа толмаған, халық­аралық және республикалық кон­курстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Респуб­ликасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады. Әр жылдарда «Дарын» мем­лекеттік жастар сыйлығына Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Арын Орсариев, Мейрам Бегентаев, Ғалым Ах­медьяров, Сара Тоқтамысова, Махат Садық, Ринат Кертаев, Дихан Қамзабекұлы, Досымжан Таңатаров, Айгүл Иманбаева сияқты белгілі талантты тұл­ғалар, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлы­тау» топтары ие болды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай аталымдар бойынша беріледі (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, клас­сикалық музыка, қоғамдық қызмет. Сыйлық бір уақытта бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол бе­ріл­мейді. Бiр кандидатураны бiр аталымнан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қо­ғамдық бiрлестiктер және Қазақ­­стан Республикасының заң­намасында белгіленген тәртіп­пен тіркелген өзге де заңды тұл­ғалар уәкiлеттi органға мына­дай құжаттарды: қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің же­тістіктері туралы анықтаманы қағаз және электрондық түрде жібереді. Комиссияның спектакльдердi, кино және телефильмдердi, көр­мелердi қарауын, концерттiк бағ­дарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауын, ізде­нушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйым­дарға жүктеледi. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкі­меті оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орайластырылады. Сыйлық алған адамдарға «Да­рын» мемлекеттiк жастар сый­лығының лауреаты» атағы берiледі, диплом, омырауға таға­тын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi Ізденушілердің жоғарыда аталған құжаттары 2016 жыл­ғы 12 қыркүйек – 14 қазан ара­­лығында Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым ми­нис­трлігінің Жастар саясаты де­партаментіне мына мекен жай бойынша қ­а­былданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Минис­трліктер үйі (11 кіреберіс), 240-каб. тел. 74-22-70, 74-22-90, daryn2016mon@mail.ru