• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Бюджеттік құжаттар алғашқы талқылаудан өтті

219 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс өзінің қоржынына түскен бюджеттік заң жобаларының тұсауын кесті. Олар бұған дейін Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы жалпы отырыста қорытынды әзірлеуге мерзім сұрап алған заң жобалары еді. Атап айтар болсақ, олар «Ұлт­тық қордан 2017-2019 жылдарға бөлі­нетін кепілдендірілген транс­ферт туралы», «2017-2019 жылдарға арналған респуб­лика­лық бюджет туралы», сон­дай-ақ «Республикалық жəне об­лыстық бюджеттер, респуб­ли­калық маңызы бар қала, елорда бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жал­­пы си­паттағы трансферттердің көле­мі туралы» заң жобалары еді. Заң жобаларының негіз­гі ерекшеліктері туралы депутат­тарға Қаржы министрі Бақыт Сұл­танов пен Ұлттық экономика ми­нистрі Қуандық Бишімбаев баяндады. Әдетте, Қаржы мәселесіне қа­тыс­ты заң жобалары депутаттар ара­­сында қызу талас пен өткір пі­кір­лер алмасу жағдайында тал­қы­ланады. Бұл жолы да солай бол­ды, оның үстіне бұл жолғы тұсау­­кесерге көптеген қоғамдық ұйым­­дар мен саяси партиялар өкіл­дері де қатысқан. Депутат Г.Қарағұсова Мем­ле­кет басшысының тапсырма­ларын бұлжытпай орындау үшін қа­былданған шешімдерден стра­те­гиялық тиімділік болатынына жіті сарап жасалған болуы керек. Сон­да ғана Президенттің талап­тарын орындай аламыз, деді ол. Осындай ойды Салық төлеу­ші­лерЗаңясы кеңесінің бас­қа­рушысы Жаннат Ертілесова да айтты. Бюджет параметрлерінің арасында қатысушылар әлеуметтік-экономикалық сипаты бар мәсе­ле­лерге қатты шүйлікті. Соның ішін­де, әсіресе, «Ақ бұлақ» бағдар­ла­масына қатысты көптеген сұрақ­тар туды. Мәселен, депутаттар Ири­на Аронова, Асылбек Смағұлов, Вла­дислав Косарев осы бағдар­ламаның әлі күнге толық іске ас­пай жатқанына жандары күйзе­летінін көрсетіп, заң жобасын жа­сау­шы­ларға өткір сұрақтар қойды. Олар­дың сұрақтарына жауап берген Ұлттық экономика министрі Қ.Би­шімбаев қаражаттың жетпеу себебінен көптеген мәселелердің әлі де шешілмей жатқанын айтты. Бюджеттік заңнамалар жөнін­дегі заң жобаларын жүргізетін жұмыс тобының жетекшісі О.Өксік­баев рес­публикалық бюджет пен жергілікті бюд­жеттер арасын­да әлі күнге үйле­сімділік болмай келе жатқанына өкі­ніш білді­р­ді. Соның кесірінен мил­лион­даған қаражат желге шашылады, деді депутат. Сонымен, «Республикалық жə­не облыстық бюджеттер, респуб­ли­ка­лық маңызы бар қала, елорда бюд­­жеттері арасындағы 2017-2019 жыл­дарға арналған жалпы си­паттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасына сәйкес 2017 жылғы трансферттер – 239,9 млрд теңге; 2018 жыл­ғы­сы – 257,0 млрд теңге; 2019 жыл­ғысы 292,2 млрд теңге болатын түрі бар. Әрине, заң жобасын қабыл­дау барысында азды-көпті өзгеріс­тер болуы мүмкін. Ал бюджет­тік субвенциялар көлемі: 2017 жылға – 1 482,9 млрд теңге; 2018 жыл­ға – 1 563,8 млрд теңге; 2019 жыл­ға – 1 568,3 млрд теңге болып белгі­ленген. «2017-2019 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес 2017 жылғы кіріс 4 трлн 338,2 млрд теңге; 2018 жылғы кіріс 4 трлн 562,3 млрд теңге; 2019 жылғы кіріс 4 трлн 877,2 млрд теңге болып бел­гіленген. 2018 және 2019 жылдарға ал­дыңғы жылдармен салыс­тырған­да­ғы өсім тиісінше 224 млрд теңге және 314,9 млрд теңге бо­лады деп бол­жанған. 2017 жылға бел­гіленген респуб­ликалық бюджеттің шығысы 8 564,4 млрд теңге болып, ІЖӨ-нің 17,7 %-сы құрайды деп белгіленіпті. Ал 2018 жылғы шығыс – 8 370,6 млрд теңге, бұл ІЖӨ-нің 16,2 % жә­не 2019 жылғы шығыс – 8 751,2 млрд теңге, бұл ІЖӨ-нің 15,8 % дең­гейінде болмақ. Республикалық бюджеттің тап­шылығы ІЖӨ-ге қатысты төмендеу тенденциясын ұстанып, 2017 жылы 578,1 млрд теңгемен ІЖӨ-нің 1,2% болса, 2019 жылы 577,1 млрд теңгемен ІЖӨ-нің 1 % болмақшы. Айта кететін жайт, кешегі тал­қылауға мемлекеттік органдар мен парламенттік партиялар өкіл­дерінен басқа «Ауыл», Бірлік» партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкіл­дері, шақырылған бірнеше ҮЕҰ бас­шылары, т.б. қатысты. Енді заң жобасы Омархан Өксікбаев бастаған жұмыс тобында талқыланатын болады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»