• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2016

Сенімге серпін қосқан серіктестік

290 рет
көрсетілді

*Ресей президенті Владимир Путин жақында сайланған 7-ші Мемлекеттік Думаның (Парламент) төрағасы ретінде Вячеслав Во­лодиннің кандидатурасын қолдауға шақырды. Алдыңғы Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкиннің Ресейдің сыртқы барлау қызметінің басшысы болып тағайындалғаны белгілі. *Бішкекке ресми сапары барысында Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхим мен Қырғызстанның вице-премьер-ми­нистрі Жениш Разақов екіжақты қарым-қаты­настарды ны­ғайту қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау туралы мәселені талқылады. *Әзербайжанға ресми сапары барысында Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Зась және Әзербайжан ішкі істер министрі Рамиль Усубов халықаралық терроризм, заңсыз көші-қон, заңсыз есірткі саудасы мен киберқылмысқа қарсы бірлескен күресті нығайту қажеттігін талқылады. *Астанада өткен Әзербайжан-Қа­зақстан Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комис­сияның 13-ші отырысында Қазақ­станның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясына Каспий бассейнінде көмірсутегі кен орындарын іздеуге арналған халықаралық Еуразия жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Лукойл, Роснефть, Шелл, Шеврон және Қытайдың CNPC компаниясы шамамен 523 млн долларға бағаланып отырған жобаға өз қызығушылықтарын білдірді. *Қырғызстан Ұлттық энер­ге­­ти­калық холдингінің айтуынша, Қазақстан Қырғызстанмен жасасқан электр энергиясы келісімі шеңберінде Қырғызстанға электр энергиясын бере бастады. Тамыз айында Қырғызстан Қазақстаннан 197,5 млн киловатт-сағат (кВт) электр энергиясын сатып алды. Қыркүйек айында Қазақстанның 62,8 млн кВт электр энергиясы жіберілді. *Өзбекстанның бірінші Вице-премьері Рустам Азимов өзбек жеміс­тері мен көкөністері үшін кеден тәртібі мен фитосанитарлық тазартуға қатысты кеден құжат­та­рын жеңілдетіп, жасыл дәліз құруды ұсынды. *Астана Халықаралық қаржы орталығының (АІFС) басшысы Қайрат Келімбетов Гонконг Сауда дамыту кеңесінің «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында Қазақстанда инвестициялық жобаларды ілгерілету мақсатында АІFС-мен келісімге қол қойылғанын хабарлады. *Ресей-Вьетнам Үкіметаралық ко­­мис­сиясының кездесуі барысында Ресейдің бірінші вице-премьері Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім 2016 жылдың 5 қазанында күшіне енеді деп хабарлады. Сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше болған мемлекеттер мен Вьетнамда мемлекетішілік рәсімдер аяқталды деп атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар