• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №297 

202 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 28 сәуір,Астана қаласы «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С. Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 8 мамыр Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және қорытынды нәтижелерін беру көрсетілген мемлекеттік қызметті алушы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қорытынды Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі қабылданған күнінен бастап даярлықтан өткізу туралы құжаттарды беру – 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру – 3 (үш) жұмыс күннің ішінде; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің қорытынды нәтижелерін тапсыру үлгісі – қағаз жүзінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 10.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліспен 13:00-ден 14:30-ға дейін. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2) жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі); 3) кету парағы немесе білім алушының көрсетілетін қызметті берушілер алдында берешегінің жоқтығын растайтын өзге құжат. Салыстырудан кейін тұпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 10. Көрсетілетін қызметті берушіге барлық құжаттар топтамасын тапсыру барысында - көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қағаз жүзінде қабылданады және көрсетілетін қызмет алушының кеңсесінде тіркеліп, көшірмесіне уақытымен мен күнінің белгіленеді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Министрліктің басшылығына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жіберіледі. Шағым пошта арқылы жазбаша түрде көрсетілетін қызметті беруші немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағым қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz. интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша нысан _______________________________басшысына (денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы) Кімнен _____________________________________ (тегі, аты, жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі) Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны _____________________________ Өтініш Маған________________________________________________________________________________________ ____________________________________ мамандығы бойынша, даярлықтан (немесе біліктілікті арттыру, қайта даярлаудан) өткенім туралы құжатты беруіңізді сұраймын. _____________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы _____________________________ толтырылған күні Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11303 болып енгізілді.