Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кеше ресми түрде Бейжің Олимпиялық ойындарының үш қарғып секіруден қола жүлдегері деп танылды. Ол бұған грек спортшысы Хризопия Деветцидің сол Ойындар кезінде допинг қолданғаны дәлелденгеннен кейін жетті.
Еске сала кетейік, 2008 жылы Рыпакова төртінші орын алған еді. Бірақ кейін қола жүлдегер Хризопия Деветцидің тыйым салынған препараттарды пайдаланғаны белгілі болды. Оның сынамасы қайта тексеруден өткізілгенде, оң нәтиже беріп, спортшы медалінен қағылып қалды.
Ольга Рыпакова үшін бұл Олимпиададағы үшінші медаль болып отыр. Ол 2012 жылы Лондонда чемпион атанса, биыл Рио-де-Жанейрода қола медальға қол жеткізді.
«Егемен-ақпарат»