• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2016

«Егемен Қазақстан» басшысы Таразда кездесулер өткізді

246 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады. Кездесуде өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктері туралы кеңінен әңгіме болды. Д.Қыдырәлі М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректорлары Махметғали Сарыбеков және Дария Қожамжаровамен, өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен де жүздесіп, газеттің оқырманмен байланысын жандандыру туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Тараз қаласындағы «Сенім» баспаханасының жұмысымен танысып, сапалы газет шығару мәселелерін талқылады. Оралхан Дәуіт, «Егемен Қазақстан»