• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Ашық есік күні өтті

516 рет
көрсетілді

Алматыдағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Соғыс және еңбек ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлерімен қоса, өзге де зейнеткерлер С.Д.Аспандияров атындағы ҚазҰМУ-дан арнайы шақыртылған мамандардың тексеруінен өтіп, тегін кеңестер алды. Холестерин мен қант деңгейін өлше­тіп, қан қысымын тексерткен зейнеткерлер кардиолог, эндокринолог, пульманолог, гастроэнтеролог, офтальмолог, уро­лог, хирург, невропатолог сияқты маман­дардың тегін қызметіне жүгінді.Осы емха­наның Бас дәрігерінің орынбасары Зәуре Мәкееваның айтуынша, емха­наға басқа күндері келушілер саны көп бола­тындықтан, қарттарға кезек күтіп тұрудың оңайға соқпайтынын, сон­дық­тан олар осындай ашық есік күндері көптеп келетінін айтты. Емхана мүмкіндігі аясынан тыс медициналық қызметтерді қажет ететін қарттарға арнайы диагностикалық орталықтарға тегін жолдама берілді.Іс-шараға әкімшілік, аудан­дық медициналық бірлестік өкілдері қатыс­ты. Айта кетерлігі, ашық есік күні емхана бас­шылығының ұйымдастыруымен жы­лына бірнеше мәрте өткізіліп тұрады. Қарттар күні қаладағы Ұлы Отан соғы­сы ардагерлері мен мүгедектерінің рес­пуб­ликалық клиникалық госпиталінде де дәл осындай шара өткізілді. Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ Суретте: Ұлы Отан соғысы ардагер­лері мен мүгедек­тері­нің республикалық клиникалық госпиталінде ем алып жатқан тараздық Ұлы Отан соғысының ардагері, 95 жастағы Мұзафар БЕРДІ­БАЕВ дәрігерлер ортасында.  Суретті түсірген Нұрманбет ҚИЗАТОВ