Футболшы Самат Смақов ұлттық құрама сапында ойнауды доғаратынын айтты. Ол бұл туралы кеше Қазақстан мен Румыния командалары арасында өткен матчтан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды «Егемен-ақпарат».
Өзінің айтуынша, жастарға жол беру керек деп шешім қабылдаған ол ойыншы ретіндегі спорттық мансабын доғарғанымен, бапкерлік бағытта жұмыс істеуі мүмкін.
Жартылай қорғаушы Самат Смақовтың жасы 37-де, Ұлттық құрама сапында 2000 жылдан бері ойнап келеді.