Кәсіпкер, меценат Бауыржан Оспанов боксшы Назым Қызайбайға үй салып берді деп хабарлайды egemen.kz. Бұл жөнінде спортшы əлеуметтік желідегі Инстаграмм парақшасына жазды.
«Сәлеметсіздер ме менің құрметті инста оқырмандарым.
Мен 2014 жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді, ал 2016 жылы мамыр айында өзіміздің Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда маған және ата-ана, бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді. Міне, қазір сол үйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мың да бір рахмет!!! Аман болыңыз, Бауыржан аға!» - деді қуанышын бөліскен чемпион.