Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуіндегі айқын жеңісінен кейін Boxrec.com. порталы нұсқасы бойынша рейтингте 234-орынға көтерілді. Бұған дейін ол 995-орында тұрған еді, деп жазады Sports.kz.
Сондай-ақ, Қанат Ислам 80-ші орынға (бұған дейін 96-сатыда болған), Жанқош Тұраров 180-орынға (230-дан), Руслан Мырсатаев - 630-ге (699-ден), Әли Ахметов - 366-ге (406-ден), Айдар Шарипбаев - 294-ге (550-ден) және Жұман Жұмабеков - 1194-орынға көтерілді.