• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Түрік этномәдени бірлестігі ОҚО-да мерекелік шара өткізді

490 рет
көрсетілді

Шымкентте облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным - менің жүрегім!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды egemen.kz ОҚО әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Әбілқасым Досболов қатысты. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуда облыстық түрік этномәдени бірлестігінің үлесі мол екені айтылды. Мерекелік шарада бірлестіктің белсенді мүшелері облыс әкімінің алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың грамотасымен және «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды. Бір айта кетерлігі, ОҚО-да 70 мыңға жуық түрік этносының өкілдері тұрады. Ал 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан түрік этномәдени бірлестігінің жанында жексенбілік мектеп, жастар қанаты мен ақсақалдар кеңесі құрылған.