• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Көшпелі отырыста кодекс жобасы талқыланды

367 рет
көрсетілді

Ақтөбеге келген Парламент  Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский бастаған бір топ депутаттар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Кодексінің жобасын талқылау мақсатында көшпелі отырыс өткізді. Оған облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, жергілікті қаржы және құқық қорғау органдарының, көмірсутекті шикізатты және қатты пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы көптеген жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өкілдері қатысты. Отырысты жүргізіп отырған Парламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитететінің төрағасы Глеб Щегельский  депутаттар тобының түске дейін қаланың экологиясына әсер ететін ірі кәсіпорын «Қазхром» АҚ қарасты жаңа ферроқорытпа зауытында, кәріз – тазарту стансасында, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болғандарын, оларда қол жеткен табыстармен бірге проблемалар да бар екенін атап өтті. Көшпелі отырыс өткізу үшін Ақтөбенің бекерге таңдалмағанын тілге тиек ете келіп,  бұл өңірдің минералды шикізатқа, соның ішінде мұнай мен газға, қара және түсті металға, хромға бай екеніне назар аударды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көш­пе­лі отырысқа қатысушыларды құт­тық­тап сөз сөй­леп,  өңірдің экологиялық қауіп­сіз­дігін сақ­тау бойынша жасалып жатқан жұ­мыс­тарға тоқтала кетті. – Біздің өңір үшін экология мәселесі өте маңызды. Жер асты қазба байлықтарын игерудің экологияға әсері де көп болары сөзсіз.  Биыл экологиялық бағдарламаларды жү­зеге асыруға 1100 миллион теңге бө­лін­ді. Қатты қалдықтарды сұрыптау зауыт­ын және жаңа кәріздік тазарту  стансасын салуды  қолға алдық. Сондай-ақ, қат­ты қалдықтар полигонының маңын көгал­дан­дыру мақсатында 103 мың түп көшет отыр­ғызылды. Алауға жағылатын газдың 93 пай­ызы өңделеді, таяудағы үш жылда бұл көр­сеткішті 95 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, –деді өңір басшысы. Инвестиция және даму вице-министрі Ти­мур Тоқтыбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодекс жобасының ерекшеліктері мен тиім­ді­лігіне айрықша тоқталды.  Оның сө­­зіне қарағанда, заң жобасы жер қойнау­ын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуде инвестициялар тарту үшін қолай­лы жағдайлар жасайды. Көшпелі отырыста сөз алған энергетика вице-министрі Әсет Мағауов кодекс жобасындағы жер қойнауын игеруге инвестиция тарту, инвесторларларға қаралған салық мәселесі туралы таратып айтып берді. Бұрынғы бес түрлі төлемнен гөрі жалдық ставка белгіленгені тиімді деген ой айтты. Содан кейін олар Парламент Мәжілісі депутаттарының және көшпелі отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, көшпелі отырысқа қатысушылардың кодексті қабылдау барысында назар аудару қажет деген ұсыныстарын қаперге алды. Өңірдің  экологиялық жағдайы туралы  облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов хабарлама жасады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы