• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

Жол ақысынан 1,2 млрд. теңге жиналмақ

288 рет
көрсетілді

Астана-Щучинск автожолындағы ақылы жүйе арқылы биыл 1,2 млрд. теңге жинау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек мәлімдеді. Астана-Щучинск автожолына ақылы жүйе 2013 жылдан бері енгізілген болатын. Орташа жылдық қарқындылық тәулігіне 8 мың автомобиль. Ақылы жүйе арқылы жиналатын қаржының 30%-ы шақырымына 1 теңге тарифімен жеңіл автокөліктерге тиесілі және жүк көтергіштігіне байланысты орташа тарифпен шақырымына 15 теңгеден (5-25 тг.) 70 % жүк көліктеріне тиесілі. Айтқандай, бұл қолданыстағы ақылы автожол тарифі шет елдердегі ақылы автожолдардың тарифімен салыстырғанда әжептәуір арзан екен. Мысалы, Ресейде ақылы жол жеңіл автокөліктер үшін ұлттық валютамызға шаққанда 5 теңге, Польшада 7 теңге, ҚХР-да 15 теңге, Чехияда 33 теңге. Жүк көліктерінің тарифі орташа есеппен шақырымына 50 теңгеден.