• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

Бітелген бұлаққа кім жауап береді?

542 рет
көрсетілді

Халқымыз ежелден «бұ­лақ көрсең, көзін аш» деген да­на­лықты ұрпақтың санасына сіңі­ріп келген. Бұл тіршіліктің қай­нар көзін бітеме, жақсылықты жал­ғастыр, өсуге жол аш деген ма­ғы­намен қазіргі біздің ұғымы­мыз­дағы «дамуды қамтамасыз ет» дегенге саяды. Президент Н.Назарбаевтың «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы: қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқы­на Жолдауында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерінің бірі судың тапшылығы екені айтылған. Қазақстан суы тапшы елдер қатарына жататынын ескерсек, су көздерінің есебін жүргізу, қорғау саласында мемлекеттік тұрғыдан жан-жақты шаралар алынуы керек деп санаймыз. Соның ішінде, бұлақтардың жағ­дайына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қазақстанның ішіндегі өзен­дердің негізгі көзі – көктемде ери­тін қар сулары мен бұлақтар. Мысалы, Ақтөбе облысының Мұ­ғалжар тауларынан бастау алып, Атырау облысының Жылыой ауданы арқылы Каспий теңізіне құятын ұзындығы 700 шақырым Жем өзені 14 сағалық өзен мен бұлақтан құралған. Осы өзен бас­тау алатын нақ Егіндібұлақ ауыл­ында 200-ден астам бұлақ болған. Алайда, қазір осы бұлақтардың басым көпшілігі бітеліп қалған. Екінші мысал айтатын болсам, осы өңірлерден өтетін ұзындығы 800 шақырымдық Ойыл, ұзын­дығы 511 шақырымдық Сағыз өзендері де бұлақтардан нәр алып, ағынын жалғастырып келеді. Дегенмен, бұлардың бойындағы көптеген бұлақтар да бітеліп қалған. Бұлақтардың бітелу себеп­тері­нің қатарына табиғи жайлар­мен қатар, Кеңес Одағы кезін­дегі шаруашылық жүргізуде эколо­гиялық талаптарды ескермеу жатады. Ауыл шаруашылығы үшін су алу мақсатымен өзен арна­лары техниканың күшімен топы­рақпен бітеліп қалған. Екінші себеп, бұлақтардың мемлекет тарапынан қорғалудан тыс қалғандығы. Өкінішке қарай, сол үрдіс Тәуелсіз Қазақстанда да жалғасып келеді. Күні бүгінге дейін елімізде бұлақтарға жауапты мемлекеттік орган анық­тал­маған. Осыған байланысты еш жерде бұлақтардың есебі жоқ. Демек, бүгінгі күні елімізде қан­ша бұлақтар бар, олардың жағ­дайы қандай деген сұраққа жа­уап беретін бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Осы орайда біздің заңнама­ларда бұлақ мәселесіне байла­ныс­ты жетіспеушілік бірден көзге түсті. Атап айтқанда, қолда­­ныстағы Қазақстан Республи­ка­сы­ның Су кодексінде «бұлақ» тү­сі­ніктемесі мүлде берілме­ген. Бұ­лақтар Кодекстің 5-ба­бын­дағы су нысандарының құра­мында да көрсетілмеген. Су ко­дексінің 13-бабында жер асты су нысандары бекітілген. Осы баптың 4-тармағына сәйкес «жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы» жер асты су нысанына жатады делі­ніпті. Шет елдердің заңнамаларында бұлақтар туралы нақты нормалар бар. Мысалы, біз қараған Ресей Федерациясының, Қырғыз­станның заңнамаларында ол арнайы қарастырылған. Оларда бұ­лақтар жер үсті су нысан­дары­на жатқызылған және олар су шаруашылығына жауапты мемлекеттік органның құзы­рына берілген. Сондықтан мен Үкімет басшысына сауал жолдап, онда төмендегілерді жасауды ұсындым: Қазақстан Респуб­ликасының Су кодексіне «бұлақ» анықтамасын нақтылайтын норма енгізу; халықаралық тәжіри­бені зерделеп, бұлақтарды жер бе­тін­дегі су нысандарына жатқызуды қарастыру; Бұлақтарға жауапты мемлекеттік органды анықтау; Мем­лекеттік су кадастрын жасау үшін тиісті қаржы бөлу және басқа да ұйымдастыру жұмыс­тарын іске асыру. Осындай мәселелер шешіл­месе, еліміздегі бұлақ көздері бітеле беретін түрі бар. Олардың кейбірінен шыққан мөлдір, минералды сулардың емдік қасиеттері де бар екені белгілі. Олардың да сапасын анықтап, қорғалуға алынуы керек. Бұл еліміздің аумағында туризмді дамытуға да өз ықпалын тигізер еді. Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Сенат депутаты