• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

"Реалды" жалғыз сүйреген Роналду секілді". Оралдық баланың жеңіске құштарлығы (видео)

364 рет
көрсетілді

Оралда арқан тарту сайысында жарысқа қатысқан баланың жеңіске деген керемет ұмтылысы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етіп жатыр. Аз уақыт ішінде ол видеоны ютубтан 59 000-нан аса адам көрді. Баланың соңына дейін күресетін қайсарлығы шетел спорт басылымдарының да назарын аударды. Eurosport.ru сайты оралдық жеткіншек туралы шағын ақпарат берді.

"Бар күшіңді сал!", "Ешқашан берілме!" деген қағидаларды төмендегі видео кейіпкері жақсы сіңірген секілді. Бұл – «Мен – чемпионмын» жобасы, Ресейдегі "Көңілді старттың" Қазақстандағы аналогы. Оның мақсаты - балалардың денсаулығын арттыру, дене шынықтырудың маңызын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау. Онда балалардан жасақталған командалар түрлі сайыстарға түседі. Ал "Оралдық бала арқан тартыстырады" видеосы  - жеңіске деген ұмтылыс туралы видео" деп жазады аталған басылым.

Балақай сайт оқырмандарын да жігерлендірді. Бейнероликті көріп тәнті болған адамдар мынандай пікірлер жазып жатыр:

Рақымжан: Мен 30 жаста болсам да, мына баладан үйренерім көп секілді.

Ғафур: Арқан тартысушылар ханзадасы.

2010-2015 жылдары Криштиану Роналдудың  "Реалды" жалғыз сүйрегені сияқты екен.

Сұңқар: Ерік-жігерінің мықты екені көрініп тұр.