• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2016

Үнді киносымен үндестік

404 рет
көрсетілді

Осы аптада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Үндістанның «Khushi Motion Pictures» атты компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Бірлескен өндіріс жөніндегі келісім бойынша, екі жақ «Love you family» толықметражды көркем фильмінің дистрибуциясы саласында қызмет етуге міндеттенеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм» АҚ вице-президенті Серік Жұбандықовтың ай­туын­ша, бірлесіп фильм тү­сі­ру ту­ралы келісімшарт – үн­ді кинематографымен ын­тымақ­тастық жолында жасалған маңызды қадам. Фильмнің түсіру тобы Қазақстанда алты күн жұмыс істейді. Үндістаннан келген әріптестеріне «Қазақфильм» киностудиясы жан-жақты кө­мек көрсетуге дайын. Жалпы, киностудия шетелдің кинокомпанияларымен серіктестік қарым-қатынастарын нығайтуда жап-жақсы жұмыстар атқарып отыр. Үнді режиссері Сачиндр Шарм түсіріп жатқан «Love you family» фильмінің түсіру жұ­мыс­тары Үндістанда және Тай­ландта өткен. Картинаның қоры­тынды түсірілімдері Алматы қала­сында жүргізіледі. Көркем фильмде Джоши Маной Наванет, Пардасани Акша Сунил, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар есімді Үнді елінің танымал актерлері ойнайды. Соны­мен қатар, аталған фильмде еліміздің белгілі актері Фархат Әбдірайымов басшының рөлін сомдайтын болады. – Бұл картинада төрт күн ғана түсемін. Рөлім өте қызық, күл­кілі болатын сияқты. Жалпы, мен Англия, Ресей, Өзбекстан, Қыр­­ғызстан сынды көптеген елдер­дің фильмдеріне түстім. Түсін­­генім, түсірілім жұмыстары бар­лық елде бірдей өтеді екен. Біздің кинематографистерден еш айыр­машылығы жоқ,– дейді актер Фархат Әбдірайы­мов. Ал «Love you family» филь­мінде өзінің сүйіктісі Раджбен кезде­суге ата-анасы қарсы болған Хуши Девани есімді үнділік бойжеткеннің өмірі баяндалады. Қос ғашық үлкендердің батасын алмай, некелерін қидырады. «Үйлену оңай, үй болу қиын» демек­ші, уақыт өте келе жан күй­зелісі мен тұрмыстық қиындық­тан қажыған бас кейіпкер Қазақ­станнан жаңа жұмыс тауып, біржола көшіп кетеді. Еңбек­қор­лығының арқасында жергілікті компанияның бірінде басшылық қызметке дейін көтеріледі. Сонымен қатар, «Қазақфильм» АҚ мемлекеттік-жекеменшік серік­тестік бағдарламасы бойын­ша екі бірдей бірлескен жобаны жүзеге асырып отыр. Олар – Қа­зақстан мен АҚШ арасындағы жаңа форматтағы бірлескен бі­рінші жоба «Әміре» фильмі және қытайлық кинематографис­термен жүзеге асырғалы отырған қытай ком­­позиторы Си Синхайдың өмі­рі мен шығармашылығы туралы «Ком­­позитор» көркем фильмі бол­мақ. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ