• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2011

«Софмайя» сусыны немесе микробиолог ғалымның соңғы ізденісі хақында бір үзік сыр

547 рет
көрсетілді

Х.Досмұхамедов атындағы Аты­рау мемлекеттік университетінің про­­рек­торы, биология ғы­лым­дары­ның док­торы София Сағын­ды­қо­ва­ның есімі тек Қазақстанға ғана емес, шет жұрт­тың ғылыми ортасына да жақ­сы таныс. Ол – қазақтың ұлт­тық сусынының бірі – шұбаттың құнар­лылығын қызылша шырынымен байы­ту жөніндегі ғылыми жаңалық ашқан микробиолог ғалым. Осы салада 58 ғылыми-зерттеу жұмысы бар. Әр ғылыми жаңалығы үшін патент алғанын да айтқан жөн. София Зұлқарнайқызының ай­ту­ын­ша, мектепті бітірген соң Хадиша апайы әр тақырыпты қы­зықты етіп өткізетін биологияға аңсары ауа берген көрінеді. Инс­титутты үздік бітірісімен оқыту­шылыққа қалдырылып, ғылымға түп­кілікті бет бұрыпты. Арада 3-4 жыл өт­кеннен кейін сол кездегі КазГУ-дің аспирантурасына қабылданған. Кез­дей­соқ кездескен Дина Абултаева апасы қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы микробиолог Майя Шы­ғае­вамен таныстырыпты. Міне, осы академик ғалым София Сағындықованың микробиология саласындағы ғылыми сүр­леуінің тұсауын кесіп берді. Ғалымның көп еңбектерінің арасы­нан отандық ғылым үшін шұбаттың құ­нарлылығын қызылша шырынымен ба­йыту жөніндегі жобасының маңызы айрықша деуге болады. “Себебі, дейді ға­лым, шұбатты өздігінен ашытқанда, оның құрамында ауадан, түйе желінінен, ыдыстан түсетін түрлі микроорганизмдер кездесетіні дау тудырмас. Сол микроорганизмдерге сүт қоректік орта болады да, олар тез жетіледі. Кей адам­дардың шұбат асқазанға жақпады, не ішегімізді қатырды деуі ішек таяқша­ларының әсерінен болып жатады. Демек, шұбат құрамындағы бөгде микроорганизмдер адам ағзасына жақпайды. Шұбаттың тым майлылығы адамның іш қатуына себепші болады. Ал мұны болдырмау, яғни шұбатты тосын микроорганизмдерден тазалау үшін Майя апай екеуміз “СОФМАЙЯ” деп атала­тын шұбат пен қызылша шырынын ара­ластырумен ашытылған сусынды да­йын­дап шығардық. Бұл сусынды дайын­дау барысында шұбатты қызылша шы­рынын қосу арқылы ашыттық”. Бұл әрине, оп-оңай іске асырылған ғылыми жоба емес. Оның нәтижелі әрі, сәтті болуы үшін талай зерттеулер жа­салды, талай сынамалар алынды. Әр өңір­де, әсіресе, Алматы, Ақтөбе, Қы­зыл­орда, Атырау облыстарында өң­дірілетін шұбат құрамындағы сүт қыш­қылы бактерияларына зерттеу жүргі­зілді. Ғалымның зерттеуінде мынаған баса назар аударылды. Яғни, шұбат ашы­туда арнайы белгісі бар сүт қыш­қылы бактериясы мен ашытқы саңы­рауқұлағының штамдары қосылып да­йындалған. София Зұлқарнай­қы­зының айтуынша, штамморфологиялық және биологиялық қасиеттері негізінде бірдей бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы. Ұлттық сусын – шұ­батты дәл осы тәсілмен ашытудың маңыздылығы сол, адам ағзасына келіп түсетін тағамдарды қорытуға, сонымен бірге, адамның иммунитетін көтеруге септігі орасан мол. – Қызылша шырынында темір, флорий қышқылының болуы, қызыл қан түйіншіктері – эритроциттердің пайда болуы жеделдейді, бұлшық еттерге от­тегінің тасымалдануын жақсартады. Жалпы, қызылшаның адам ағзасына пай­дасы көп. Мәселен, қызылша шы­рынын ұдайы қолдану нәтижесінде, атеросклероздың бастапқы сатысында есте сақтау қабілеті жақсарады. Қызыл­ша шырынында магнийдің көп мөл­шерде кездесуінің жүйке ауруына, әсі­ресе, ұйқы бұзылғанда, тосыннан жүйке жүйесіне ауыртпалық түскенде пайдасы көбірек тиеді. Қан тамырларын кеңей­тіп, гипертонияға тиімді әсерін беретін табиғи дәрумен ретінде есептеледі, – дейді микробиолог. Осы шырынның қатерлі ісік ауруларына қарсы тұру қабілеті жөнінде зерттеулер бар. Бұл осы ауруды емдейді деу емес, қызылша шырынын тамақ рационына жиі қосу арқылы аурудан сақтандырумен қатар, ағзадағы холестерин мен улы заттарды азайтуға әбден болады. “СОФМАЙЯНЫҢ” авторы қызылша шырынын табиғи күйінде ішу мүмкін еместігін айтады. Өйткені, бұл шырын дәмсіз. Сол себептен, оны шұбатқа қо­судың тиімділігіне ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізіп, ғылыми түйін жасады. “Шұбат пен қызылша шырыны бір-бі­рінің құнарлылығын толықтырып, адам ағзасына сіңімділігі артады. Мақсат – экологиялық таза шұбат сусынын шы­ғару. Шұбатты ұзақ мерзімде сақтаудың жолдары жайында да зерттеулеріміз бар” дейді ғалым. Ол “СОФМАЙЯ” су­сыны үшін 2006 жылы ислам елдерінің ғы­лымы мен білімінің, мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне қолдау білдіретін ISESCO халықаралық ұйымының алтын медалін, оған қоса 5000 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйақысын жеңіп алды. Микробиолог-ғалым ғылымдағы жетістігін мұнымен шектегісі жоқ. Сүт қышқылы бак­терияларын енді ба­лық­тың турама­сында (фарш) қолдануды бас­тады. Қазір Білім және ғылым ми­нистрлігінің ғылыми гранты бойынша “Балық өнім­дерінің сапасын жақсарту және тұрақ­тандырудың микро­биоло­гиялық негіздері” деп аталатын ғылыми жобаға жетекшілік ететін биология ғылым­дарының докторы, профессор София Сағын­ды­қованың микробиология сала­сында әлі талай ғылыми жа­ңалықтарды ашары даусыз. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.