• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Аманатқа адалдық танытайық

362 рет
көрсетілді

Жергілікті мәслихат депутаттары халық сенімінен шығып жүр деп айта аламыз ба? Дәл біз­дің ауданда айта алмасақ ке­рек. Әсіресе, ел аузында соңғы де­пу­таттар құрамы дұрыс таң­дал­ма­ған деген әңгімелер жиірек айтылып қалып жүр. Сондай-ақ, өмірлік тәжірибелері аз, ой-пікірлері қалыптаспаған деген дәлел-дәйектер де алға тарты­ла­ды. Айтса айтқандай, біз қа­ты­сып жүрген сессиялардың қай-қайсысында да депу­тат­тар­­­дың үн-түнсіз отыратыны шын­­­дық. Күн тәртібіндегі өзекті мә­с­елелерге өздігінен ашық пікір ай­туға немесе өз ойын білдіруге онша құлықты емес. Біздің ұғымымызда халық қалау­­­лы­ла­ры елдің қамын жеп, мұң-мұқта­жы жо­лында тер төге алатын, жоға­ры билік ал­дында сол халықтың сө­зін сөйлей алатын елдің азаматы емес пе?!  Сондай-ақ, олар тұрғындардың жеке мәселелері бойынша кестелі кез­де­сулерін жүйелі өткізе бермейді. Осы­ның барлығы жекелеген алыс ауыл­дар сайлаушыларының мәселелерін ше­шуде барынша қиындық туғызады. Со­дан кейін тұрғындар тарапынан нара­зы­л­ық пайда болады, ол өз кезегінде өңірде әлеуметтік шиеленіс туындатуы ықтимал. Соңғы жылдары Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президентінің Жар­лы­ғына сәйкес жергілікті әкімдер тұр­ғындар және мә­сли­хат депутаттары алдында есеп беріп жүр­­гені бар­ш­амызға аян. Алай­да, осы жер­де шы­нын айту керек, жер­гілікті тұр­ғын­дар әкімдердің іш пы­стырарлық, сан­­дарға толы ұзақ-со­нар есепті баян­дамасын ұялғаннан әзер тың­дай­ды. Ал сенім артқан депутатта­рымыз «бірінің аузына бірі тү­кі­ріп қойғандай» бір сарын, жат­тан­­ды сөздерді айтып, жиналысқа қа­тысушыларды мезі етеді. Сосын тағы бір айта кететін жайт, сессия сайын «Ауданның құрметті аза­­маты» атағын беру дәстүрге айналып барады. Олардың басым көп­шілігі зейнеткерлікке шыққан әкім­қаралар, ара­сынан қарапайым ең­­бек адамдарын шаммен іздесең де та­ба алмайсың. Ел мүддесі қай уақытта да бірінші ке­зек­те тұруы тиіс емес пе?! Халық қа­лау­лылары соған сай қызмет етіп, аманатқа адалдық танытып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Аяпберген САЛИХОВ Атырау облысы, Исатай ауданы