• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Қанат Ислам 17 ақпанда жекпе-жек өткізеді

362 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокста Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпан күні Ньюарк қаласында өткізеді. Бұл туралы vesti.kz тілшісіне «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов айтты. «Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17 ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында өтеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті» - дейді Ісмағамбетов. Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық Патрик Аллотейден басым түскен еді.