• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

«Барыс» жеңісті жолын жалғастырды

256 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» Загребте жергілікті «Медвешчак» командасымен кездесіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Жанкүйерлер тартысты бәсекенің куәсі болды. Алғашқы кезеңде бірқатар қауіпті шабуыл орын алғанмен, есеп ашылмады. Матчтың 29-минутында Брэндон Боченски мергендегімен көзге түсіп, елордалықтарды алға шығарды. Алайда, араға екі минут салып, айдын иелері таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұл жолы Александр Жиру нәтижелі соққының авторы атанды. Дегенмен, 40 секундтан кейін Боченски дубль жасап, өз командасын есепте тағы да алға шығарды. Жан алысып, жан беріскен сәттер үшінші кезеңде болды. 44-минутта Найджел Доус «Медвешчактың» қақпасын дәл көздеген болатын. Міне, осыдан кейін загребтіктер намысқа басып, 45-минутта Кириил Ворониннің және 52-минутта Иржи Смейкалдың көмегімен таразы басын теңестіре білді. Кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Найджел Доус кезекті рет көзге түссе, 59-минтта канадалық Бренадан Шиннимин жеңісті голды соқты. Айдын иелерінен Горан Безина соңғы сәтте бір шайба соққанмен, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмады. Осымен 48 ойыннан кейін 71 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 6-орында келеді. Келесі кездесуін 14 қаңтар күні Братислав қаласында жергілікті «Слован» командасымен өткізеді.