Алматы халықаралық әуежайында бес рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
12 қаңтарда таңертең төмендегі рейстер кешіктірілді:
1) KC877 Алматы - Атырау (техникалық себептермен алмастырылды), "Эйр Астана",
2) KC863 Алматы - Ақтөбе (техникалық себептермен алмастырылды), "Эйр Астана",
3) KC131 Алматы - Душанбе (техникалық себептермен алмастырылды), "Эйр Астана",
4) DV729 Алматы - Қостанай (ұшақтың кеш келуі), SCAT,
5) Z92036 Алматы - Павлодар (ұшақтың кеш келуі), "Бек Эйр".
Сонымен қатар, ZXA529/530 Алматы - Үржар - Алматы рейсі ұшпайтын болды.
Қазіргі таңда Алматы әуежайында вертикалды көрініс 1500 метр болса, горизонталды көрініс 5 мың метр. Толық ақпарат алу үшін әуежайдың +7 727 2703333 нөмірлі анықтама қызметіне қоңырау шалуға болады.