Астанадағы Ұлттық теннис орталығында қаңтардың 16-сы мен 20-сы аралығында үлкен теннистен ересектер арасындағы ҚР Қысқы чепионаты өтеді.
Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан келетін үздік теннисшілер қатысады. Чемпионат жеке және жұптық бәсекеде әйелдер мен ерлер арасында болады.
Қысқы турнирді Қазақстанның теннис федерациясы ұйымдастырады.
Кіру – тегін.
16 қаңтар күні сағат 09:00-де жарыстың ашылу салатанаты болады.