• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Астананың екі көшесіне біржақты қозғалыс енгізіледі

324 рет
көрсетілді

Астана әкімдігінде 2017 жылдың көлік кешенін дамыту бағдарламасы таныстырылды. Кездесу барысында "Астана LRT" ЖШС директоры Рустам Халилов қаладағы Абылайхан және Ш.Құдайбердіұлы даңғылдарына бірнеше айдың ішінде біржақты қозғалыс енгізілетінін айтты. Рустам Халиловтың айтуынша, бұл елорда көшелеріндегі қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. "Жолдарда біржақты қозғалысты енгізу жүйесін дамыту қарастырылып жатыр. Басты айтатын жайт - барлық автокөлік иелері бұл трафикті арттырады деп ойлайды. Бірақ ол кешенді жұмыс. Егер жолда 4 жолақ болса, оның екеуі  BusLane, яғни автобустарға арналса, көліктер үшін тек екеуі ғана қалады. Бұл жағдайда біз бір бағытта үш жолақ болады деп қарастырып жатырмыз. Біреуі - қарсы бағыттағы қоғамдық көліктерге арналады. Ал қарсы қозғалыс болмаса, кедергі аз болатыны математикалық тұрғыда дәлелденген. Сол арқылы біз жол қозғалысын тиімді етеміз", деді Рустам Халилов Естеріңізге сала кетсек, Астанада 28 мамырда Әуезов (Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшелерінде (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) біржақты қозғалыс енгізілген болатын. Екінші кезең 10 маусымда жүзеге асырылып, Янушкевич пен Кенесары көшелері біржақты қозғалысқа өтті.