• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады

272 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингінде 2017 жылды үздік жүздікте бастады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Мұнда ел құрамасы 98-орынға орналасқан. Ал алғашқы үздік ондық өзгеріссіз күйі қалған. 12 қаңтардағы жағдай бойынша ФИФА рейтингі: 1 (1). Аргентина - 1 634 ұпай, 2 (2). Бразилия - 1 544, 3 (3). Германия - 1 433, 4 (4). Чили - 1 404, 5 (5). Бельгия - 1 368, 6 (6). Колумбия - 1 345, 7 (7). Франция - 1 305, 8 (8). Португалия - 1 229, 9 (9). Уругвай - 1 187, 10 (10). Испания - 1 166, 98 (97). Казахстан - 354. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 22 наурызда Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Матч Никося қаласындағы GPS стадионында өтеді. Ал 26 наурыз күні 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ереван қаласында Армениямен кездеседі.