• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Қымыз өндірушілер қауымдастық құрды

389 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Кәсіпкерлік палата жәрдемімен өңірде «Қазақ қымызы» қымыз өндірушілер қауымдастығы құрылды, деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Ұлттық өнім қауымдастығын құру идеясы 2016 жылы ұйымдасқан өңірлік Кәсіпкерлер палатасында туындаған. Ресми тіркелген қауымдастық болғанға дейін олармен бірге КП агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Рустан Рахымбаев бірге жүрді. Оның пікірінше, бұл ауылдықтар үшін перспективалы және жеткілікті дәрежеде табысты бағыт, қауымдастық Қазақстанда қымыз өндіру технологиясын тарату мақсатында ғана емес, сонымен бірге жылқы сүтін дамыту үшін құрылды. Бүгінде қауымдастыққа Тараз бен облыс аудандарынан бес кәсіпкер кірді. Олар «Бекболат» ШҚ,  Жасұлан ШҚ,  «Жуасбек» ШҚ және ЖК «Сейітжан». Қауымдастық перзиденті «Заң» ЖШС директорының орынбасары  болып Эльмира Ыбыналиева сайланды. Бірігу жоспарлары мен саланың проблемалары жайында ЖШС директоры, ғылыми-техникалық кеңес мүшесі М.Х. Дулати атындағы ТарМУ құрметті профессоры Дүйсенбек Ыбыналиев айтып берді. « Қымыз Қазақстанның бренді болу керек. Мысалы, Германия дәстүрлі жыл сайынғы сыра фестивалін өткізеді. Англияда шай дәстүрі бар, біз Қазақстанда Қымыз күнін атап өтеді деген сенімдеміз», - дейді ол.