• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Назарбаев конституциялық құрылысты бұлжытпаудың кепілдіктері қажет екенін айтты

374 рет
көрсетілді

"Үкімет бұрынғыдай Президент емес, жаңа сайланған Мәжілістің алдында өкілеттігін тоқтатқаны дұрыс деп санаймын" деді бүгін халыққа Үндеу жариялау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. "Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру ретін де жеңілдету керек. Бұл заң шығарушы биліктің атқарушы билікті бақылауын күшейтеді. Мемлекеттік бағдарламаларды бекіту құқығын да Үкіметке беру керек. Өз кезегінде ол сол үшін толығымен жауапты болады. Үкіметке оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды таратып, қайта құру құқығы беруге болады. Ал Президент Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің күшін жою құқығынан бас тартуына болады. Мұның барлығы атқарушы мемлекеттік органдардың, олардың басқарушыларының жауапкершілігін арттырып, оларға қажетті өкілеттіктерді береді. Заңдық күші бар президент жарлықтарын шығару мүмкіндігі туралы норма да қазір өзектілігінен айырылды. Парламенттің жергілікті атқарушы билікке қатысты рөлін арттыру қарастырылады. Сонымен қатар Конституциялық Кеңес, сот жүйесі мен прокуратура қызметін жетілдіру мәселелерін қарастыру талап етіледі. Және біздің конституциялық құрылылысты бұлжытпаудың сөзсіз кепілдіктері қажет» деді Президент.