• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Конституциялық реформа жобасы бүкіл ел талқылауына ұсынылады - Назарбаев

293 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформа жобасының бүкілхалықтық талқылауға ұсынылатынын айтты. «Біз ешқашан мемлекеттік басқарудың үлгілерін басқалардан көшірген емеспіз. Біз халықаралық тәжірибені ескере отырып өзіміздің теңдесі жоқ шешімдерімізді тауып отырдық. Ұсынып отырған бұл реформа ең әуелі өз тәжірибемізге және Қазақстанның өз сұраныстарына сүйенеді. Біз айтып отырған реформалар бағдарламасы Қазақстан қай бағытта дамиды деген сұраққа беретін жауабымыз. Жауап айқын және бұрыннан белгілі – Қазақстан демократиялық даму бағытын бетке ұстайды. Мен жария етілетін конституциялық реформаның жобасын бүкіл елдің талқылауына ұсынуды жөн көрдім. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Мұның бәрі Бес институционалдық реформаға және елдің болашақ даму жолына сай келеді. «Ашық Үкіметтің» бесінші пункті өкілеттіктерді қайта бөлуді қарастырады. Биліктің барлық тармақтары тиімді және жауапты жұмыс істеуі үшін олардың арасында теңгеру және теңшеу болуы тиіс» деді Мемлекет басшысы.