• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Былтыр Қызылорда облысының бюджетіне 89 млрд теңге түсті

224 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменітінің өкілдері тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекет бюджетіне 89 млрд 630 млн теңге салықтар мен төлемдердің түсімі қамтамасыз етіліп, жоспар 107 пайызға орындалды. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменітінің басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 13 млрд теңгеге немесе 17,3 пайызға артық. Оның ішінде, республикалық бюджеттің орындалуы 110,4% және жергілікті бюджеттің орындалуы 103,4%. 2015 жылға қарағанда өсім көлемі республикалық бюджетке 25 пайыз (9 млрд 748 млн), жергілікті бюджетке 8 пайыз (3 млрд 449 млн) көлемінде. Департамент басшысының айтуынша, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі басым бағыт – басқа мемлекеттік және бақылаушы органдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру шараларын арттыру. «Көлеңкелі» экономиканың негізгі бағыттарының бірі – жалған кәсіпкерлікпен күрес. Осы бағытта өткен жылы 39 қылмыстық іс қозғалып, 41 істің өндірісі аяқталды. Сондай-ақ, 36-сы сотқа жолданды. Осы салада мемлекетке келтірілген залал мөлшері 3,6 млрд теңгені құрады, оның 468,7 млн теңгесі өндіріліп, 80,8 млн теңгенің мүлкіне тоқтам салынды. Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлердің контрагенттерінен, сот шешімімен, бюджетке 670 млн теңгенің салықтары мен міндетті төлемдері өндірілді. Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтар негізінде 68 қылмыстық іс қозғалып, 57 істің өндірісі аяқталды, 17 іс сотқа жолданды. 1,2 млрд. теңгенің залалы қалпына келтірілді. Есірткі контрабандасына қатысты 2 факті анықталып, ішкі істер органдарына берілді.