• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Елімізде алдағы үш күнде құбылмалы ауа райы болады

289 рет
көрсетілді

Алдағы үш күнде, яғни 26-28 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа температурасы құбылмалы болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі хабарлады. «Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райын циклондар, антициклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымдар айқындайтын болады. Ауа температурасы осы күндері климаттық нормадан жоғары, яғни 4-8ºС болады. Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында күндізгі температура 10ºС-қа дейін артады», – делінген хабарламада.