• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Ел газетінің құндылығы арта түсті

376 рет
көрсетілді

Құрметтінің редакциясы! Армысыздар? 2017 жылдан жаңа форматта жарық көре бастаған басылымның оқуға ықшамды болып шыққанына, көркемделу (түрлі-түстілігі бар) ерекшелігіне, құндылығын қуат­тандыра түскеніне қуанып отырғанымды жеткізгім келеді. Өзім газеттің «Руханият», «Тәлім», «Зерде» деп аталатын  беттеріне көбірек үңілемін. Көп нәрсе табамын, оны әдебиет пәнінің мұғалімі болғандықтан ұрпақ тәрбиесіне пайдаланатын кезім аз емес. Жоғары сыныптарға сабақ беремін. Бала­ларды баспасөзбен байланыс­та ұстау үшін сабақ сайын га­зеттегі мақалаларды оқытып, талдатамын. Қоғамда болып жат­қан өзгерістер, журналист жазбаларындағы көтерілген мә­селелер туралы оқушылардың пікірлерін біліп отырамын. Үй тапсырмасына да қосымша баспасөзден бір мақала оқып келулерін қадағалаймын. Балаларды «сендер кітап оқымайсыңдар, газетке қара­майсыңдар» деп тілдей беру­дің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әркез өзіңіздің оқыған дү­ниеңізден мысал келтіре отырып, сабағыңызды тартымды өте алсаңыз оқуға қызықпайтын бала жоқ. Мәселе, олардың жүрегіне жол таба білуде. Маған осы ретте басқа да басылымдармен бірге «Егемен» әрдайым көмекке келеді. Басылымға одан рухани азық алу үшін жазыласың ғой, осы тұрғыдан алғанда ел газетіне жазылу арқылы  оны өзім ғана рухани қажетіме пайдаланып қоймай, болашақ ұрпақтың рухани іргетасын қалап жатырмын деп айтуыма болады. Сол үшін ре­дак­ция ұжымына алғыс айтамын. Зеберкүл ШАРДАРБЕКОВА, ұстаз  Жамбыл облысы, Талас ауданы