• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Универсиадаға – ұлттық тағам

383 рет
көрсетілді

Универсиада кезінде жоқ дегенде 1 миллион еуро табады делінген Атлет­тер ауылының асханасында ұлттық, азиялық, еуро­палық, вегетериандық және халал секілді бес  тағам түрі ұсынылмақ. «Мәзірдің ішінде пицца, стейк, паста, спринг-ролл, «Том Ям» атты тай сорпасы сияқ­ты тағам түрлері де бар. Әрине, біз өзіміздің ұлттық тағамдарымызды ұмыт қал­дырмадық. Спортшыларға арналған асханаларда қазақы «шай дастарқаны» жайылады. Сондай-ақ, қонақтар асыл­ған ет, қуырдақ, нарын секіл­ді ауқаттардан ауыз тие алады», дейді Royal Catering ком­па­ниясының бас директоры Индира Ахметова. FISU талаптарына сәй­кес ат­леттердің күндізгі калория нормасы (4000-4500) анықталып, ол Қысқы ойындар  кезінде спортшыларға тамақ даярлағанда әрине, ескерілетін болады. Сон­дай-ақ, дұрыс зат айналымын қам­тамасыз ету үшін атлеттерге пайдалы сусындардың барлық түрлері ұсынылады. Универсиада кезінде рес­ми делегация мүшелері, FISU техни­калық мамандары, халық­аралық техникалық мамандар (ITOs), ұлттық техникалық мамандар (NTOs), волонтерлар, БАҚ өкілдері, медициналық қызметкер­лер, Ұйымдастыру комитеті, FISU Family өкілдері және т.б. тұлғалар тамақ­пен қам­тама­сыз етіледі.   Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ