• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Аргентиналық спортшылар

508 рет
көрсетілді

қазақ мәдениетімен кеңінен танысқылары келеді Санаулы күндерден кейін қысқы Универсиадаға ал­пысқа тарта ел­дің алғашқы деле­гация­лары келе бас­тайды. Биылғы студенттік дода­лардан Арген­тина, Бразилия және Параг­вай сынды шалғайда жатқан Оңтүс­тік Америка елдері де қалыс қал­майды. Жарыстарға Аргентина құра­масы қатарында 2 спортшы, атап айтқанда, сноубордшы Инаки Одриозола және шаңғышы Томаш Басигалупо өнер көрсетпек. Ағынан жарылған атлеттер шын мәнінде Қазақстан туралы аз білетіндерін мойындаған. Деген­мен, Алматыға табандары тигенше біздің еліміз туралы көбірек білгісі келетінін айтып отыр. Соңғы айлардағы студенттік кани­­кул­дар кезінде бұл спорт­шы­лар өте қарқынды жаттығулар жүр­гізген. Аргентина делега­циясы екі спорт түрінде  медаль тағудан дәмелі. Инаки Одриозоланың айтуын­ша, ол 2015 жылы Арг­ен­ти­на­ның Snowboarder Slopestyle чем­пионатында және 2016 жылы Оңтүстік Америкадағы Big Air жарыстарына қатысқан. Атлет 2017 жылғы қысқы Универсиадада кеңінен тәжірибе жинақтап, жергілікті мәдениетпен таныссам деп отыр. «Мен Қазақстан тура­лы ештеңе білмеймін деуге бола­ды. Қазір елдеріңіздің тарихы және оның тәуелсіздік алуы туралы мате­риалдар оқып жүрмін. Алма­тыға барғанда осы өлкенің мәдениеті туралы көбірек ақпарат аламын деп ойлаймын», дейді сноубордшы. Томаш Басигалупо да 28-ші Қыс­қы студенттік ойындарда жақ­сы нәтижелер көрсетсем деп отыр. Осы жарыстар кезінде ол басқа елдерден келген спорт­шы­лардың дайындық деңгейін бай­қап, жаңа адамдармен танысу­ға ниетті. Бұл спортшы да Қазақ­стан туралы аз білетінін жасыр­майды.  Сондықтан, 2017 жылғы Универсиада елін өз көзімен көруге аса ынтық.  Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ