• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Елбасының жаңа бағыты

302 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік қоғамдастықтың назары тағы да біздің елімізге ауды. Қазақстан жаңа 2017 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіз­дік Кеңесінің мүшесі ретінде бастады. Бұл Елбасымыз­дың Еуразиядай алып құрлық­тың басты бейбітшіл тұлғасы ретін­дегі биік беделінің халықар­а­лық деңгейде бағалануының нақ­ты көрінісі ретінде қабылданды. Қазақстан басшысының тікелей араласуымен өткен жылы бүкіл әлемді алаңдатқан Иранның ядро­лық проблемасы ойдағы­дай шешілді. Елбасымыз Украина­дағы қантөгісті тоқтатуға да өзінің үлкен үлесін қосты. Ресей мен Түркия президенттері Н.Ә.Назарбаевтың осы екі елдің ушы­ғып бара жат­қан қарым-қаты­насын қалпына келтірудегі ара­ағайындығы үшін аса зор алғыстарын білдірді. Кеше Елбасымыз өзінің тарихи Үндеуімен тағы да бүкіл әлемнің назарын Қазақстанға аударды. Елімізде Президентіміздің 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауынан кейін мемлекетті реформалаудың кезең-кезеңге негізделген жаңа үдерісі басталды. Мемлекет басшысының бүгінгі Үндеуін қазақ қоғамын жаңартып, жаңғыртудың заңды жалғасы деп білемін. Елбасымыз осы Үндеуі арқылы Қазақстан Республикасының тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді. Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын өз қолымен қалап қана қоймай, оны осы жылдар ішінде орын алған бірнеше бүкіләлемдік дағдарыстардан аман алып шығып, әлем таныған абыройлы мемлекетке айналдырды. Біз тәуелсіздіктің ширек ғасыры ішінде ешбір әсірелеусіз ғасырларға бергісіз даму мен өсіп-өркендеудің жолынан өттік. Тәуелсіздік алған кезде ком­мунистік жүйеден еншімізге бар болғаны мешеу шаруашылық, қараусыз қалған зауыттар, қаңы­раған ауылдар, жабылған дүкен­дер, жаппай жұмыссыздық және тұралаған экономика тиді. Ал бүгінде бүкіл әлем Қазақ­станды экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеумет­тік тұрақтылықты ту еткен қуатты мем­лекет ретінде таниды. Ең бас­тысы, Қазақстан ширек ғасырда бей­бітшілік пен келісім салтанат құрған көп ұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Соның арқасында еліміздің әлемдік аренадағы абырой-беделі артып, рес­публикамызға миллиардтаған инвестициялар тартылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымыз бен Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы да соның айқын дәлелі. Президент еліміздегі ең бас­ты мәселелерді шешумен қатар, мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын да қарқынды жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстанда кәсіби Үкімет, қуатты Парламент және тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Олар қазірдің өзінде сенімділігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерген мемлекеттік аппараттың «тежемелік және теңгермелік» жүйесінің негізін құрайды. Сондықтан Елба­сымыз атап өткендей, мемле­кеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәсе­лесі ел дамуының заңды және жүйе­лі кезеңі болып табылады. Бұл батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін де ерекше атап өткен жөн. Соған қара­мастан, Қазақстанда халықтың бірлігі мен тұрақтылығына, мем­лекеттік билік тармақтарының рет­тілігі мен үйлесімді жұмысына, азаматтар құқығының сақталуына, мемлекеттік шекарамыздың берік­тігі мен еліміздің қорғаныс қабі­летінің конституциялық қорғалуына кепілдік беретін күшті президенттік билік сақталады. Қашанда ұрпақ қамын ойлайтын Мемлекет басшысы­ның Конституция кепілі ретінде қабыл­даған жаңа тарихи шешімі қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономикалық қарқынды даму­дың нақты дәлелі деп білемін. Бұл – еліміздің Президент айқын­да­ған «Қазақстан-2050» бағдарлама­лық құжатында белгіленген стра­тегиялық мақсаттарға адал­дықтың айқын көрінісі. Мен Елбасының жаңа бағытын: күшті президенттік билік – кәсіби Үкімет – жауапты Парламент – тәуелсіз сот жүйесі – ашық қоғам деп қарапайым түрде түсіндірер едім. Осының бәрін Қазақстан мен оның әлем таныған Елбасының өзіне және болашаққа нық сенімінің көрінісі деп бағалаған жөн. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАМЕД, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ------------------------------------------------------------------------ Әмина ҮРПЕКОВА, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері: – Бірінші кезекте атап өтер жайт, бүгін біз аса маңызды тарихи оқиғаға куә болдық. Елімізді дамудың даңғыл жолына бастауда Елбасымыздың бұл Үндеуі өте маңызды деп санаймын. Президенттің тарапынан айтылған Үндеудің экономикалық және сая­си тұрғыдан өте жоғары мәнге ие екендігін атап өткім келеді. Бұл халқымызды баянды болашаққа жетелейтін қадам болып табылады.   Ерлан САИРОВ, саяси ғылымдар кандидаты: – Біз Мемлекет бас­шысының халыққа ар­наған Үндеуін мұқият тың­дап шықтық. Бұл бүгін­гідей жаңарып, жаһан­дан­ған әлемге қатыс­ты жаңа көзқарасты біл­діред­і. Біз шы­найы саяси рефор­малар­дың қар­саңын­да тұр­мыз. Мұны Үкімет пен Пар­ла­менттің рөлін күшейту бағытында жасалған нақты қадам деп білеміз.   Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының басқарма мүшесі: – Қазір өзгеріп жатқан әлемде Қазақстан да заман талабына сай жаңа­рып келеді. Әсіресе, асқан нәзіктікті қажет ететін мемлекеттік басқару жүйесі мейлінше теңестірілген жүйеге ауысу мәселесін Елбасымыз өте орынды әрі дер кезінде көтеріп отыр. Бұл – осы заманғы, қазіргі күн­нің шынайы келбетіне сай жасалған қадам. Сонымен қатар, мұндай шешім Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілікті күшейте отырып, Үкіметтің ел алдындағы әлеуметтік-экономикалық салаларға деген жауапкершілігін арттырады. Ал Парламент кең ауқымды жүйеде бақылау мен қадағалау құзыретіне иелік еткені жөн.   Бауыржан ТӨЛЕГЕНОВ, «Саясат» интернет-басылымының шеф-редакторы: – Президентіміздің мәлім еткен бұл мәлім­демесі әлемдік ауқымда мей­лінше бейімдеуге ба­ғытталған. Мұнда құзы­реттілікті тиісті деңгейде бөлу арқылы саяси тұрғы­да жағдайды екшеп, бас­қару тетігін реттеу көзделе­ді. Қалай дегенде де, бұл жаңашылдық біздің елі­міздегі мемлекеттік басқару ісін жетілдіре түсетіні сөзсіз.     Болат БАЙҚАДАМОВ, Еуразиялық сарапшылар желісінің тең төрағасы: – Президенттің бүгін­гі халық алдында жаса­ған мәлімдемесі қоғам­ның, мемлекеттің ал­дында тұрған көптеген мәсе­ле­лерге толыққанды жауап берді. Мәселе, бірін­ші кезекте, билік тармақ­тары­ның, атқарушы билік, өкілетті билік және президенттік билік арасында шынайы тепе-теңдікті орнату туралы болып отыр.     Нұрсұлтан АХМЕДИЯ, «ПАРАСАТ» жүйелі зерттеулер институтының директоры: – Мемлекет бас­шысының бүгінгі мә­лімдемесі ерекше оқи­ға болып табылады. Онда айтылған конс­ти­ту­циялық реформалар біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін қа­ғи­датты маңызға ие. Соны­мен қатар, оны еліміздің дамуының жаңа сапалы кезеңге аяқ басқанының дәлелі деп санаймын.