• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

363 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) бүкілхалықтық талқылауға шығарылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілсін. Заң жобасы бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялансын. Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, Заң жобасын пысықтауды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 қаңтар №141 Жоба Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1995 жылы 30 тамызда респуб­ликалық референдумда қабыл­данған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құ­жат; 2011 ж., № 3, 29-құжат) мынадай өз­геріс­тер мен толықтырулар енгізілсін: 26-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.». 44-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракция­ларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Рес­публика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсыну­мен Үкіметтің құрылымын айқын­дайды, Президент дербес тағайын­дайтын және босататын сырт­қы істер және қорғаныс министр­лерін қоспағанда, Үкімет мүше­лерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;»; 2) 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын; 3) мынадай мазмұндағы 10-1) тар­мақ­шамен толықтырылсын: «10-1) адамның және азамат­тың құқықтары мен бостандықтарын қор­ғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіз­дігін, егемендігі мен тұтастығын қамтама­сыз ету мүддесінде, күшіне енген заң­ды немесе өзге де құқық­тық актіні Республика Конституциясы­на сәйкес­тігіне қарау, Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағында көзделген жағ­дай­да қорытынды беру туралы Конститу­ция­лық Кеңеске үндеулерді жолдайды;»; 4) 18) тармақша мынадай редакция­да жазылсын: «18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;». 45-баптың 2-тармағы алып тас­талсын. 53-баптың 3) тармақшасы алып тас­талсын. 57-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заң­дарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дау­сымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүше­сін қызметінен босатады;». 61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басым­дығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары Парламенттің ағымдағы сессиясы ішінде бірінші кезектегі тәртіппен қабылдануы тиіс екенін бiлдiредi.». 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.». 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Премьер-Министр тағайын­далғаннан кейiнгi он күн мерзiмде Республиканың Премьер-Министрі Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныстар енгiзедi.». 66-бапта: 1) және 8 ) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мемлекеттiң әлеуметтiк-эко­номикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгi­нiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;»; «8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады;»; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақ­шамен толықтырылсын: «9-1) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызмет­керлері үшін еңбекақы төлеуді қаржы­ландырудың бірыңғай жүйесін Республика Президентiнің келісімімен бекітеді;». 67-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары және оның аса маңызды барлық шешiмдерi туралы Президентке және Парламент Мәжілісіне баяндайды;». 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Үкімет жаңадан сайланған Респуб­лика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.». 72-баптың 2-тармағы мынадай редак­цияда жазылсын: «2. Конституциялық Кеңес Конс­ти­туцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда Республика Пре­зидентінің, сондай-ақ  Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.». 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.». 81-бап мынадай редакцияда жазылсын: «81-бап Қазақстан Республикасының Жоғар­ғы Соты азаматтық, қылмыс­тық істер, жергілікті және жергі­лік­ті және басқа да соттардың соттылы­ғына жататын өзге де істер бойын­ша жоғары сот органы болып табыла­ды, заңда көзделген жағдайларда оның соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы­ның мәселелерi бойынша түсiнiктемелер береді.». 83-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген шектерде және нысандарда заң­ды­лықтың сақталуын жүзеге асырады, сотта мем­лекеттің мүдделерiн бiлдiре­дi және мемлекет атынан қылмыстық қуда­лауды жүзеге асырады.». 86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Республика Президенті Премьер-Ми­нистрмен және Парламент Пала­таларының Төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихат­тың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағ­дайда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқ­татылады.». 87-баптың 4-тармағы мынадай редак­цияда жазылсын: «4. Облыстардың, республика­лық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тиісінше облыстардың, респуб­ликалық ма­ңы­зы бар қалалардың және астана­ның мәслихаттарының келісімі­мен Республика Президенті қыз­мет­ке тағай­ындайды. Өзге әкімші­лік-аумақтық бөлі­ністердің әкімдері қызметке заңда айқын­далған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға хақылы.». 91-бапта: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Конституцияда белгiленген мем­лекеттiң тәуелсіздігін, Респуб­лика­ның бiр­тұ­тастығы мен аумақтық тұтастығын, бас­қару нысанын өзгертуге болмайды.»; 2) мынадай мазмұндағы 3-тар­мақпен толықтырылсын: «3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толық­тыру­лар, олардың осы баптың 2-тар­мағы­нда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болғанда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.».