• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Павлодарда Универсиада алауының құрметіне арналған концерт өтті

360 рет
көрсетілді

Павлодардағы «Астана» мұз сарайында өткен концертке Rin'Go тобы мен лазерлі шоу әртістері келіп өнер көрсетті. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады. Мұз сарайында алауды ұстап жүгірген спортшыларды 3000-нан аса көрермен күтіп алды. «Бүгін біз әлемдегі ауқымды шаралардың бірін көріп қана қоймай, оның қатысушысы атанып отырмыз. Алауды ұстап өткен әр азамат еліміздің мақтауға лайықты тұлғасы деп білемін», – деді облыс әкімі Болат Бақауов. XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Аталмыш қысқы ойындар арасында медальдар спорттың 12 түрі бойынша сарапқа салынады.