• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

355 рет
көрсетілді

Құрметті қазақстандықтар! Біз, барлық әлеуметтік топтар мен өңір­лердің мүдделерін білді­ретін Демо­кратиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коалиция­сының мүшелері, елміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлес­тіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері: Еліміздің Тұңғыш Президентінің көшбасшылығын және жалпы әлемдегі мықты, табысты және құрметті мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанды құрудағы президенттік институттың тарихи маңызын мойындай отырып; Елбасымыздың мемлекеттілікті нығайтуға, республикамызды одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуға арналған мемлекеттік бағытын толығымен қолдай отырып; Мемлекет басшысының қазіргі заманның жаһандық және өңірлік қауіп-қатерлеріне әрекет ету қажеттілігі туралы ұстанымын қолдай отырып; Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі демократияландыру үшін мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және еліміздің әлемдегі 30 жетекші мемлекеттің қатарына кіру бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсынып отырған реформасының ерекше маңызын ескере отырып; заманауи қоғамдық процестердің жылдамдығы мен күрделілігін және Қазақстан азаматтары мен болашақ ұрпақ алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді түсіне отырып; Қазақстанның барлық азаматтарын Елбасымыздың мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамасын талқылауға белсенді қатысып, қолдауға шақырамыз. Елбасымыздың мемлекеттік басқа­ру­дың тиімді және үйлестірілген жүйесін қам­тамасыз ету бойынша ұсынып отыр­ған жаңа реформасы Қазақстанды саяси трансформациялаудың эволюциялық кезеңі және қазақстандық мемлекеттілік пен демократияны дамыту жолының қисынды жалғасы болып табылады. Үкіметтің экономика саласындағы атқарушылық өкілеттіктері мен дер­бестілігін кеңейту және оның жауап­кер­шілігі мен Парламент алдындағы есеп­тілігін күшейту еліміздің алдағы бірнеше жылға саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге негіз жасайды. Парламенттің бақылау функцияларын күшейту Үкіметтен ағымдағы және стратегиялық жұмысының сапалы жаңа деңгейін, айқындылығы мен жоғары заңнамалық органға, яғни Қазақстан халқына есептілігін арттыруды талап етеді. Парламенттің рөлін күшейту сая­си процестің белсенді субъектілері, қоғамдық пікірталас пен дебаттардың негізгі орталықтары, кең әлеуметтік топтардың мүдделерін атқарушы ретінде Қазақстанның барлық саяси партияларының дамуына жаңа мүмкіндік тудырады. Күтіліп отырған реформалар Қазақстанның әрбір азаматының қатысуын талап етеді. Халқымыздың рухани байлығы, ұлтымыздың сапасы, оның заман талаптарын қабылдау және тек алға даму қабілеттері біздің мемлекетіміздің жетістігін айқындаушы факторы болған және болады да. Демократиялық күштердің «Қа­зақстан-2050» жалпыұлттық коали­циясының мүшелері қа­зақстандықтардың болашақ ұр­пақтары үшін барлық азаматтарды Елба­сымыздың бастамаларын қолдауға шақырады. «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы, «Жа­сыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтыну­шыларының ұлттық лигасы» қоғам­дық бірлестігі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақ­стан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақ­стан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфе­дерациясы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жалпыұлттық қозға­лысы» республикалық қоғам­дық бір­лестігі, «Жұлдыз» балалар қоғам­дық ұйымдарының одағы» қоғам­дық бірлестігі. 2017 жылғы 26 қаңтар