• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

27 қаңтарға арналған ауа райы

330 рет
көрсетілді

27 қаңтарда республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Ақмола облысының кей жерлерінде  тұман күтіледі, түнде бұрқасын болды. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23  м/с-қа артады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с  күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.