• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Қазыбек бидің шапаны

1233 рет
көрсетілді

Бұл атақты Қаз дауыс­ты Қазыбек бидің шапаны. Шапан парша, мақта-матадан тігілген. Өн бойы құс қанаты, құмыра, өсімдік тектес өрнектермен, алтын, күміс жалатылған мыс жіптермен көмкерілген. Атадан қалған асыл мұра, зерлі шапанды Қазыбек бидің жетінші ұрпағы Қарқаралы ауданының Едірей ауылында тұратын Алтын Қожах­метов ақсақал сақтап келіпті. Осы кісі 2008 жылы сол кездегі Президенттік мәдениет орталығының басшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің аттай қалауы­мен аталған орталыққа өткізген. «Қа­зыбек бидің ұрпақтары атадан балаға мирас болған құнды жәдігерді үш ғасыр бойы көздің қарашығындай қастерлеп сақтаған. Әйтсе де әр жылдары адамдар қазақы жолмен ырымдап, шапанның әр жер-әр жерінен кесіп, қиып алып отырған. Құнды жәді­гер бастапқы қалпында сақтал­мағандықтан, реставрация жұмыс­тарын жасауды қажет етті. Бидің шапанына көп кешікпей жаңарту, қайта қалпына кел­тіру жұмыстары жүргізілді. Шапанды шебер Тұрсынкүл Жайлаубаева 2008-2010 жыл­дар аралығында қайта жаң­ғыртудан өткізді», – дейді Ұлттық музей­дегі Қазақстан та­рихы бөлімінің ғылыми қыз­меткері Роза Кенже­бекова. Бұл шапанның Ұлттық музей­дегі орны – Қазақстан тарихы залы. «Қазақ қоға­мындағы құқықтық қа­ты­нас­тар» деген тақы­рып­тағы заттардың қата­рында тұр. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан» Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»