• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №181

531 рет
көрсетілді

2011 жылғы 25 ақпан  Астана, Үкімет Үйі Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Атқару­шылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.Қоса беріліп отырған: 1) Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы; 2) жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-3-жолмен толықтырылсын: « 17-3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті жеке сот орындаушыларының қызметі ». 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «25» ақпандағы №181 қаулысымен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жеке сот орындаушыларының қыз­ме­тін лицензиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау тур­а­лы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау тәртібін анықтайды. 2. Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (бұдан әрі – лицензиар) жүзеге асырады. 3. Лицензиялары жоқ адамдардың атқару­шы­лық іс жүргізу туралы заңнаманың өзге талап­тарын бұза отырып, атқарушылық әрекеттер жүргізуі және осы әрекеттерінен пайда табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соқтырады. 2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі 4. Жеке сот орындаушысы қызметімен ай­налысу құқығына лицензия (бұдан әрі – лицензия) жеке сот орындаушысы қызметімен айна­лысуға ниет білдірген (бұдан әрі – өтініш беруші), белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі. 5. Лицензия алу үшін өтініш беруші ли­цензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағида қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәлан­ды­рылған көшірмесі; 4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 5) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) лицензия алуға емтиханды өткені туралы біліктілік комиссиясының шешімі; 7) жеке сот орындаушысында тағылым­да­мадан өткені туралы шарттың көшірмесі; 8) жеке сот орындаушысы тағылымда­ма­шы­сының жетекшісін тағайындау туралы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы төраға­сы­ның бұйрығының көшірмесі немесе үзіндісі; 9) тағылымдамашының жалпы дайындық деңгейі, тағылымдаманы өту барысында үйрен­ген кәсіби білімі мен практикалық дағдылары көрсетілетін жеке сот орындаушысының тағы­лымдамашысы жетекшісінің ұсынысы; 10) жеке сот орындаушыларының аумақтық алқасы куәландырған тағылымдамадан өтудің аяқталуы туралы қорытындының көшірмесі; 11) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медици­налық анықтамалары; 12) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан бұрын емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бойынша мәліметтерді қамтыған соттылығы жоқ екені туралы анықтама. 6. Осы Қағиданың 5-тармағының 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген жұмыс істеп жүрген тұрақты судьялар, өз міндеттерін орын­дау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья қызме­ті­нен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар не уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар, теріс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда, прокуратура органдарындағы еңбек өтілі он жылдан кем емес прокурорлар, көрсетілген құжаттарды ұсы­нудан босатылады және тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай-ақ жеке сот орындаушысы лицензиясын алады. 7. Мыналар өтініш берушіні тағылымдамадан өтуден және біліктілік емтиханын тапсырудан босатуды растайтын құжаттар болып табылады: 1) оны лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын құзыретті лауазымды адам берген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің тұ­рақты судья лауазымынан босату туралы Жар­лығының немесе Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі; 3) атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл, прокуратура органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілін растайтын және атқарған қызметінен босатылу себебін қамтитын еңбек кі­тап­шасының немесе өзге де құжаттың нотари­алды куәландырылған көшірмесі. 8. Егер лицензия алу үшін тұрақты жұмыс істейтін судья өтініш білдірген жағдайда, онда оның лицензиарға осы Қағиданың 5-тармағының 11), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттар­ды ұсынуы талап етілмейді. 9. Өтініш беруші ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және ан­ықтығына Қазақстан Республикасының заңда­рын­да белгіленген тәртіппен жауапты болады. 10. Лицензия бас лицензия болып табылады және өтініш берушіге мерзімі шектелмей беріледі. Лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. 11. Лицензияны лицензиар осы Қағидада белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия береді не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді. 12. Лицензиар өтініш берушінің өтінішіне қоса берілген құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді. 13. Лицензия алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе азаматтық заңнамаға сәйкес ол уәкілеттік берген өкілі, не тапсырыс хатпен береді. Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттар қабылданған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). 14. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 15. Лицензиардың лицензия беру туралы шешімі Қазақстан Республикасы Әділет министр­лігінің Сот актілерін орындау комитеті төр­аға­сының бұйрығымен бекітіледі. 16. Лицензия лицензиатқа беріледі немесе оның лицензия алуға азаматтық заңнамаға сәйкес лицензиат уәкілеттік берген өкілі арқылы беріп жіберіледі. 17. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиат оның телнұсқасын алады. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша ол өтініш берген күннен бастап он жұмыс күн ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының заңнама­сында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді. 18. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол отыз күнтізбелік күн ішінде жеке басын куәландыратын жаңа құжат алғаннан кейін көрсетілген тиісті құжаттың көшірмесімен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді. Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді. 19. Өтініш берушіге, егер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса; 2) осы Қағидаға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетіл­ген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады; 3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе; 4) өтініш берушіге қатысты оған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда, лицензия беруден бас тартылады. 3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру 20. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Респуб­ликасының заңдарында көзделген негіздерге сәйкес тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады. 4. Есепке алу және бақылау 21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Қағиданың сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 22. Лицензиар берілген, тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданылуын тоқтат­қан лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиялардың электрондық тізілімін жүргізеді. 23. Осы Қағиданың негізінде берілген ли­цензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялар бланкілеріне тапсырыс жасайды. Лицензия бланкілері қатаң есептегі құжаттар болып табылады. 24. Лицензиялардың бүлінген бланкілерін, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған лицензия­ларды лицензиар комиссиямен жоюға тиіс. 25. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Рес­публикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицен­зиялық бақылауды жүзеге асырады. Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етеді және бақылау функцияларын орындау үшін қа­жет­ті жазбаша немесе ауызша ақпаратты ала алады. Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасына қосымша Нысан _______________________________________ _______________________________________ (лицензиардың толық атауы) кімнен _________________________________ _______________________________________ (жеке тұлғаның толық аты-жөні (бар болған жағдайда әкесінің аты) ӨТІНІШ Жеке сот орындаушысы қызметімен айна­лысу құқығына лицензия беруді сұраймын. Жеке тұлға туралы мәліметтер: 1. Туған күні, айы, жылы _________________ 2. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері ___________________________________ (нөмірі, кім және қашан берді) 3. Білімі _________________________________________________________________________ (мамандығы, дипломының (өзге құжатының) №), ____________________________________________________________________________________ оқу орнының атауы, бітірген жылы) ____________________________________________________ 4. Мекенжайы __________________________ 5. Жұмыс орны _________________________ 6. Қоса берілетін құжаттар: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________ __________________________ (қолы)         (тегі, аты (бар болған жағдайда әкесінің аты) 20___ жылғы «___»_____________ Өтініштің қаралуға алынған күні 20___ жылғы «___»_____________ ____________________________________________________________________________________ (лицензиялау органының жауапты адамының қолы, тегі, аты (бар болған жағдайда әкесінің аты) Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы №181 қаулысымен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары 1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айна­лысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жиырма бес жасқа жетуі; 3) жоғары заңгер білімінің болуы; 4) жеке сот орындаушысында кемінде бір жыл мерзіммен үздіксіз тағылымдамадан өтуі; 5) біліктілік емтиханын тапсыруы. 2. Жеке сот орындаушысының қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік та­лаптарының 1-тармағының 4) және 5) тармақ­шаларында көзделген біліктілік талаптары: 1) тұрақты судьяларға; 2) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға; 3) теріс қылықтары бойынша босатыл­ған­дарды қоспағанда, уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдарға; 4) прокуратура органдарындағы еңбек өтілі кемінде он жыл прокурорларға қолданылмайды.