• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

«Дүбірге толы дүние

364 рет
көрсетілді

Жауапкершілік шаршатса да биліктен кету қиын Испанияның премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро алдағы жылғы парламент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді. Демек, ол үшінші мерзімге ел үкіметін басқару мүмкіндігінен бас тартып отыр. Бұл жөнінде ол Жұмысшы социалистік партия бас­шы­лығының мә­жі­лі­сінде хабарлады. Сапатеро партия­ның жа­­ңа бас хат­шы­сын сайлау қа­жет­­тігі жө­нінде сөз қозғады. Бұл елде заң бо­йынша биліктегі пар­тияның жетекшісі бірден үкімет басшысы болып тағайындалады. Содан да Сапате­ро­ның партия көсемі қыз­метін ауыс­тыру тура­лы әңгімесі үкіметті бас­қа­ру­дан бас тарту ретінде қабылданды. Социалистік партия, міне, 2004 жылдан бері 8 жыл бойы билік тізгінін ұстап келеді, үкімет басында. Елдің жетекші саяси партия­лары­ның бірі. Алдағы сайлауда да билік үшін күресетіні анық. Бұған дейінгі партияның жеңістері Сапатероның атына тығыз байланысты. Халық­ара­лық деңгейде, әсіресе, еуро­па­лық құрылымда айтарлықтай беделі бар қайраткер. Ежелден Еуропадағы беделді елдің бірі ретінде Испания жаңа заманда да сол беделінен айы­рыл­ғысы жоқ. Кез келген саяси партия өзі би­лік тізгінін ұстаған кезде Ис­па­ния­ны мықтылар қатарына қос­қысы келеді, елдің беделін көтергісі келеді. Жұмысшы социалистік партия не істеді дегенде, ауыз тол­ты­рып ай­тар нәрсе көп еместей. Фут­бол­дағы жетістікпен басқа олқы­лық­тарды жаба алмайсың. Сөйтсе де, социалистер алдымен өз әске­рін Ирак­тан шығарғанын айтады. Бұл – саясаттағы жеңіс, елдің саяси егемендігін кө­тер­ген­дік. Жасы­ры­нып кел­ген имми­грант­тар­ға кешірілім жа­са­луы да оң іс деп ба­ғаланды. Әйел­дер­­ге қысым жа­сау­ға қарсы ар­наулы сот құрғанын да табысқа қосады. Бұл елдің өз менталитеті шығар – бір жыныстылардың некесіне рұқ­сат етілуі де демо­кра­тия­ның бір көрінісі саналды. Ал кемшілік, сын дегенде, ай­ты­латын нәрсе көп. Ең алдымен, социалистер жүргізген «қатыгез үнем» саясаты халық тарапынан үл­кен наразылық тудырды. Бұл саясат бюджеттік шығындарды күрт қыс­қартуға негізделді. Жал­ақы қыс­қар­тылды, зейнетке шы­ғу жасы кө­те­ріл­ді, мемлекеттік шенеуніктер қа­та­ры сиреді. Со­ның өзінде эконо­ми­калық апат­қа ұшырамас үшін Еу­ро­одақтан көмек сұрауға мәжбүр. Мұның бәрі халыққа ұнаған жоқ. Қарсылық білдіріп, көшеге шық­­ты. Социалистер әлемдік эко­но­­микалық дағдарысты алға то­сып, ақталды. Мәж­бүрліктен солай бол­ды, деді. Ра­сында да, биліктегі со­циалис­тердің ха­лықтың әлеумет­тік жағдайын тө­мен­­дететін шара­лар­ға баруы да ке­ре­ғарлық. Бұл үшін бас­қа партиялар тара­пы­нан қатаң сынға ұшыра­ды. Со­циалистер тө­теп берді. Белгілі дә­ре­жеде олар саяси дағ­дарыстан өтті. Алдағы сайлауға социалистер осындай жағдайда бара жатыр. Сөйт­­се де, премьер-министр Хосе Луис Родригес Сапатероның қыз­меті­нен кетпек ойы біраз адамды таңдандырды. Кот-д’Ивуар: қанды қақтығыс аяқталды Буырқанған Африканың екінші жағында жатқан Кот-д’ Ивуардағы билік пен оппозицияның шарпысуы құрлықтың солтүстігіндегіге қарағанда, біршама басқаша өрбіп, басқаша шешілді. Ақыры билік оппозиция алдында тізе бүкті. Бұл елдегі шиеленіс өткен жыл­дың соңында, нақтырақ айт­қанда, қараша айын­да президент сайлауының екінші турынан кейін мық­тап-ақ ширыққан. Сайлау қорытындысында биліктегі президент Лоран Гбагбо мен оппозиция көсемі Алассан Уаттара өздерін жеңімпаз санап, мәлімдеме жасады. Олар бірін бірі мойындағысы келмеді. Мұндайда араағайындық, тө­бе­­би­лік жасайтын беделді мекеме ке­рек. Ол да табылды. БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесі өз отыры­сын­да оппозиция көсемі Алассан Уат­тара­ның же­ңісін заңды деп санады. Бірақ өкі­нішке қарай, жалғыз Ресей ғана бұған қарсы дауыс беріп, бұрынғы президент Лоран Гбагбоны мәж­бүр­лейтін шешімді қабылдатпай тастады. Күтпеген мұндай «қолдауға» арқа сүйеген Гбагбо билігінен ай­рылмайтынын мәлімдеп, оны күш­пен ұстап тұруға кірісті. Оппозиция да өз күштерін жасақ­тады. Мұның арты қарулы қақ­ты­ғысқа жалғасты. Бейбіт халық­тың арасында құрбан бар. Осынау қанқұйлы жағдайда басты кінә елді ол жыл билеген диктатор Лоран Гбагбоға тағы­лып отыр. Оған халық та қарсы. Оны өткен сайлау да көрсетті. Халық оппозицияға көбі­рек дауыс берді, Уат­тараны қолдады. БҰҰ Қауіпсіздік ке­ңесі Кот-д’Ивуардағы жағдай­ды бақылау­да ұстау мақ­сатында өзі­нің ондағы бітімгершілік күш­терін бейбіт халықты қор­ғау­ға жұ­­мыл­дыр­ды. Әлем­­нің көп­те­ген же­текші елдері, ең алдымен, Франция да Гбаг­боның қарулы күш­теріне тос­қауыл қо­йып, оп­по­зицияны белсенді қол­да­ды. Ақы­­рында БҰҰ Қауіп­сіз­дік ке­ң­есі өткен аптада жа­ңа қа­рар (№1975) қабылдап, Гбагбо­ға қар­сы күш қолдануға шешім қабылдады. Соның арқасында жағдай күрт өзгерді. Елдің заңды президенті са­на­латын Уаттараның күш­тері бар­лық бағытта қарсыластарын тық­сы­рып, ең маңызды нысан­дар­ды иеленді. Ел астанасы Ямусукро то­лық­тай оппозицияның ба­қы­лауына көш­­се, Гбагбоның күш­тері елдің ең ірі қаласы, эконо­ми­калық астанасы са­налатын Абиджанда біршама қар­сы­лық көр­сет­кенмен, ақырында қар­сы­лас­та­рына берілуге мәжбүр болды. Қазір бұл елдегі жағдай ту­ра­лы әлемнің барлық ақпарат құ­рал­дары жарыса хабарлап жатыр. Кейде бұл хабарлар бір-біріне қайшы да келіп жатады. Бірақ бар­лығынан жасай­тын басты қоры­тынды – халық қолдамаған билік ұзаққа бармайды. Он жыл билікте болып, тамырын тереңге жіберген Гбагбо қолында айтарлықтай қару­лы күш болға­ны­мен, көпке шыда­мады. Сөйтсе де, өзінің жолы қиыл­ғанына көзі жеткен соң, соңына дейін шайқасамын демей, Гбагбоның, кеш те болса, қарсыласының жеңі­сін мойындаға­нын да атап айтқан жөн сияқты. Мамадияр ЖАҚЫП.