• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Бақтияр Артаев: Головкин Джейкобсты алтыншы раундта жеңеді

166 рет
көрсетілді

Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады. Бұл туралы baq.kz хабарлады. «Головкин қарсыласын бесінші немесе алтыншы раундта нокаутпен жеңеді деп ойлаймын. Әрине, GGG жекпе-жекті одан да ерте, екінші раундта аяқтауға да мүмкіндігі бар. Бірақ көрермендер мен жанкүйерлерінің сұрауы бойынша бұл жолғы кездесуін біраз созатын сияқты. Сондықтан алтыншы раундта ұтады деп ойлаймын», – дейді Б.Артаев. Айта кетейік, қос боксшы арасындағы айқас 18 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.