• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Баспананы банк басшылығы «басып» қала бере ме?

148 рет
көрсетілді

Жақында баспасөз беттерінде «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» басқарма төрағасы орынбасарының отбасы бірден жеңілдікпен үш пәтер сатып алғаны туралы жазылды. Бірақ банктің өзінде де, «Бәйтерек» холдингінде де бұл жайтты бұзушылық деп санамайды екен. Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» фракциясы 2013 жы­лы екі рет (13 ақпанда және 19 маусымда) аталған мем­ле­кеттік банктің сол кездегі бас­­шылығының ұқсас іс-әре­кеттері туралы сауалдар жа­рия­ла­ған болатын. Ал бұл банктің мұқтаж аза­маттарға тұр­ғын үй алуға көмек көр­се­ту мақ­сатында құрылғаны белгілі. Сол кезде осы екі сауалға өз­деріне және өз туыстарына жеңілдікпен эли­та­лық пәтерлерді сатып алған банк бас­шы­лығының іс-әрекеті «әб­ден заңды» деген жауап бе­рілген еді. Бұл өрескел іске сол жылдың 11 қазанында Ел­басының өзі арала­сып, банк басшылығын ауыс­ты­руды талап етті. Ал мұндай өре­скел оқиға олар, сондай-ақ олардың туыстары сатып алған пәтерлерді мем­ле­­­кетке қайтарып беру талап етілгенге дейін жалғасып жат­­ты. Алдында айтылған бар­­лық «заңды» деген сөз­дер­­ге қарамастан, істер сот тәр­­тібінде қаралған кезде көл­денең тартылған пайым­дар толық расталды, ал «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінің» қы­з­­меті өзінің бастапқы мақ­са­ты­на – қарапайым аза­маттарға кө­мек көрсету мақ­са­тына қайта оралды. Дегенмен, байқап отыр­ға­ны­мыз­дай, бұл өз­ге­ріс­тер бар­шаға бір­дей қа­тыс­ты бо­л­ма­ғанға ұқс­ай­­ды. Сөй­тіп, банк тө­ра­ға­сы ор­ын­­­­­ба­­сарының отба­сы, сол кез­­­­де туын­даған жан­­­жалға жә­­­­не Елбасының мұн­­­дай жү­­­­ген­сіздікті тоқтату ту­­ра­­­­лы тап­­­­­сырмасына қа­ра­­мас­­­тан, 3 пәтерге қол жет­­­кі­зу үшін же­ңіл­дікпен ми­л­­­лион­­да­ған тең­­­ге несие алып­­ты. Са­лыс­­ты­ру үш­ін: сол ке­­­зең­де ипо­те­ка бойын­ша ком­мер­ция­лық банк­­тер­­дің мөл­­шер­ле­­мелері 20%-­ға дейін жет­­се, «Тұр­­ғын­ үй құрылыс ­жи­­нақ ­банкі» тө­ра­ға­сы орын­ба­­­са­рының отба­сы­на несие не­бә­рі 4 %-бен беріліпті. Қарапайым қа­­­­зақ­­стан­дық­тар жалғыз бас­па­­насынан айы­ры­лып қалмас үшін жантала­сып жатады. Сөй­тіп, олар ай сайын бірнеше жүз мың тең­ге көлемінде төлем тө­лейді жә­не оларға банктер тең­генің ес­кі ба­ғамы бойынша қайта қар­жы­л­андырудан бас тартады. Ал мемлекеттік тұр­ғын үй банкі басшысының туыс­тары Астананың қақ орта­сында ор­на­ласқан керемет пә­терлер үшін, кім-кімнің де сен­бейтіні анық, айына небәрі 20 м­ың теңге төлейді екен. Мұндай жағдай қанша жер­ден заңды болғанымен, мұ­ның қо­ғамға қатысты бе­­й­ә­деп әрекет және тіпті, адам­­­гер­ші­лікке жат қылық еке­­ні кү­мән­сіз. Біз­­дің­ше, бұл жер­­­де мәселе ақ­­ш­а­да да емес, ең бас­тысы, қа­зақ­с­тан­дық­­тар­­дың маңызды мем­ле­кет­­тік бағ­­­дарламаларға деген се­ні­­мін сақтап қалу. Ал осын­дай бағдарламаларға жауап­ты адам­­­­дардың заңсыз әрекеттері сал­­да­­рынан оған деген сенімді жо­ғалтып алу түк те емес. Ерлан БАРЛЫБАЕВ, Мәжіліс депутаты