• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Конституциялық реформа туралы пікірлер

571 рет
көрсетілді

Дұрыс жолмен келе жатырмыз

Біз еліміз өміріндегі тарихи оқи­ға­­ның қатысушысы болып отыр­мыз. Осы­­ған орай конс­титуциялық рефо­рма­лар­­­мен ба­йла­н­ысты саяси про­цес­тердің қазақ­стан­­дық кейбір ерекше­ліктеріне тоқтала кетсем деймін. Ең алдымен, бұл – оның дәйектілігі. Мем­­­­лекет басшысы Н.Ә.Назарбаев елді одан әрі демо­к­­ра­­­­т­ия­­ландыру алдағы реформалардың басты бағыты еке­­­нін атап өтті. Елбасының бастамасы бойынша Пар­л­а­мент Конституцияға басқарудың президенттік ны­­са­нын сақтай келе, өкілеттіктердің біраз бөлігін Пар­­ла­мент пен Үкіметке бере отырып, өзгерістер енгізілді. Екіншіден, Парламент шешімінің Қазақстан халқымен тікелей байланысы. Консти­туциялық реформа туралы Елбасының бастама­сынан кейін белгілі уақыт аралы­ғын­да мемлекеттің әрбір азаматына ал­дағы реформаның мағынасы мен маз­мұны бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін беру мүмкіндігі болды. Үшіншіден, бұл – әлемнің саяси тарихында өте сирек кездесетін қадам. Елбасы Парламенттің рөлін және мем­лекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру­дағы Үкіметтің жауаптылығын арттыруға бағыт­тал­ған бұл реформаны дер кезінде қолға алды. Бұл ара­да Мемлекет басшысының өз еркімен өзінің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке бергенін ерекше айтуымыз керек. Бұл факторлардың барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық деңгейдегі Көшбасшы екендігін және еліміздің демократия жолымен келе жатқандығын көрсетеді. Ақан БИЖАНОВ, Парламент Сенатының депутаты

Жауапкершілік артады

Мемлекет басшысының конститу­циялық реформа жасау туралы айт­қан ұсынысы жалпыхалықтық сарап­таудан өтіп, баршаның ойынан шық­ты. Елбасының бұл ұсынысы ел бас­қару­дағы демократиялық бағытты ұстану­ды көздейді. Қазіргі таңдағы ел бас­қарудағы демократия қағидаларын ұстану жал­пы әлем дамуындағы дұрыс бағыт екені дау­сыз. Сондықтан Президент Жолдауларында, страте­гия­лық құжаттарда ол туралы жан-жақты айтыл­ған болатын. Сол ұсыныстар Парламентте қызу талқыланды. Бүгінгі таңда Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену туралы алға қойған тапсырмасы бар. Ол үшін елімізде басқарудың тиімді жүйесін жетілдіру керек. Бұл жерде Президент Парламент пен Үкіметке қосымша өкілеттіктер бере оты­рып, жауапкершілігін арттыруды көз­­деген еді. Үкімет елдегі экономика­лық жағдайды мойнына алып, соны ойдағыдай жүргізеді және оның дұрыс жүзеге асуына жауапкершілігі арта түседі. Заң шығару мәселесіне келгенде, Пар­ла­менттің деңгейі, оның жауапкершілігі көтеріледі, Парламент пен Үкімет арасындағы бай­ланыс жүйелі қалыпқа түседі. Парламент ендігі жерде елдегі экономикалық жағдайды Үкіметтен сұрай алады. Яғни, Парламент пен Үкіметтің бірлесе атқаратын жұмысы үйлесімді болады, екі орталық орган ұйымшылдықпен жұмыс өнегесін көрсетеді деген сенім бар. Өзгерістерді халықтың түсініп, қолдағанына біз де ризамыз. Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ, Парламент Сенатының депутаты

Ортақ мүддеге сай өзгеріс

«Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент палаталарының бірлескен оты­рысында екінші оқылымда мақұл­данды. Онда ел талқысынан өткен, жұмыс тобы егжей-тегжейлі қарас­тырған мәселелер басты назарда болды. Жалпы, елімізде қолға алынған бұл конс­титуциялық реформалар мықты президент­тік билікті сақтай отырып, халықтық билікті күшей­ту, Парламент пен Үкіметтің жауапкершілі­гін арттыру екендігі белгілі. Осы орайда біз­дің Конституциямыз уақыт сұранысына сай болуы тиіс. Мәселен, 41-баптың 2-тармағына елдің президенттігінен үміткерлер үшін жоғары білімінің болуын оларға қойылатын талаптардың бірі ретін­де белгілеуге қатысты өзгеріс енгі­зіледі. Сондай-ақ, халықаралық келі­сім­шарттар бойынша да бірқатар то­лық­тырулар ұсынылды. Сонымен қатар, Президент­тің ұсы­нуымен еліміздегі Адам құқық­тары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау­ды және оны қыз­метінен босатуды Парламент Сенатының ерек­ше қарауына жатқызу мәселесі Ата Заңда көз­дел­мек. Бұл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл инс­ти­тутын конституциялық тұрғыда бекітуді, Негіз­гі Заңның 1-бабында бекітілген адам мен аза­мат­тың құқықтарының басымдығын ең жоғары мемлекеттік деңгейде тануды білдіреді. Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты

Тереземізді теңестіре түседі

Мемлекет басшысы ұсынған консти­туциялық реформа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысына, жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрғанын көрсетеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда қабыл­дануы елімізді халықаралық тұрғыда дәреже-деңгейін көтерді деуге толық негіз бар. Осылайша, конституциялық реформа идеясы­на ұйысу арқылы Қазақстан қоғамдық қатынас­тар­дың дамуына қарай кезең-кезеңмен ілгері басу­да. Сонымен қатар, Елбасы ұсынған конституция­лық реформаның негізгі мәні мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу тәртібі де тиянақталып, кемелді келешекке жетелейтін батыл шешімдер қабылданды деп санаймын. Әсіресе, ел азаматтарының еркін­дігі мен бостандығының құқық­тық тұрғыда қорғалуына елеулі үлес қосатын маңызы зор ұсы­ныс­тар көптің көңілінен шықты. Тіпті, адам құқын қорғау жөніндегі Париж келі­сімі негіздеріне сай келетін талап-тілек­тер заң­намалық тұрғыда бекітілді әрі мұндай қадам­дар халықаралық сарапшылар қауымынан қолдау табады деген сенімдемін. Бұған қоса, конституциялық бақылау жүйесін нығайта отырып, тәуелсіздігіміздің, ел мен жер­дің бір­тұтастығына конституциялық деңгейде берілетін кепілдік тағы да бекемдене түсті. Бұлар – еліміз үшін аса маңызды мәселелер. Светлана БЫЧКОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты

Демократиялық эволюция жемісі

Жалпы, бізде Конс­титу­цияға бұған дейін үш рет өзгерістер енгізілген бола­тын. Бірінші өзгерістер 1998 жылы енгізілсе, екін­ші өзгерістер 2007 жылы, үшінші өзгерістер 2011 жы­лы енгізілді. Ал осы жолы Конституцияға төртінші рет өзгерістер енгізіліп отыр. Неге Конституцияға өзгеріс­тер енгізілді деген жалпы сұрақ туады. Оның себебі – қоғам үнемі жаңару үстінде. 1995 жылы Конституция қабылданған кез­дегі вертикальді президенттік биліктің күшейтілуі Қазақстан үшін аса үлкен қажеттілік бол­ды. Экономикалық, қаржы­лық, құрылыс мәселелері сияқ­ты көп­теген өзекті мәселелерді тез ара­да шешу қажет еді. Сондықтан да, өтпелі, яғни транзитті кезеңде жылдам, тиімді вертикальдік би­лік­тің, атқарушы биліктің рөлін атқару заңды болды. Енді қазір қоғам біртіндеп демо­кратияланып келе жатыр. Ал демо­кратиялық жүйе неге керек десеңіз, бұрынғы қатаң әкім­шілдік-әміршілдік вертикаль­ді басқару жүйесі қазір кей жағдай­да жұмыс істемейді. Өйткені, Қазақ­стан қоғамы демократия­­лық бостандықтарға зәру бола бас­тады. Жалпы, либералдық қоғам­да адамға қа­жетті бостан­дық­тар, әсіресе, эко­номикалық бостандық күшті болуы керек. Ал әкім­шіл­дік жүйе күшті бо­лып тұрғанда экономикалық бос­тан­­дық­тардың дамуына бөгет жасай­ды. Сондықтан, әкімшілдік жүйе­ні не­ғұрлым әлсіретіп, солғұрлым Пар­­­ла­­мент­тің рөлін арт­тыру қажет еді. Жер­­г­ілікті атқарушы би­лік­тің, бас­қа да бар­лық биліктің рөлін кү­шей­­те берсе, қоғам дамы­май қалады. Сол үшін де қазір парла­мен­­та­ризм­нің рөлі күшейтілді. Парламент атқару­шы билікті үнемі назарда ұстап, оның әрбір ісін бақылап отыруы керек. Себебі, жем­­қорлық сияқты түрлі жа­ғым­­сыз құбылыстар осы әкім­шілік жүйеде көп болады. Қазір әлемдегі дамыған озық мемлекеттердің барлығының саяси жүйесі – демократиялық жүйе. Себебі, демократиялық жүйе экономикалық бостандықтарға жол ашады. Бұл әлемдік тәжірибе, әлем­дік үрдіс. Егер біз әлемдік бәсе­кеге қабілетті дамыған елдерден арт­та қалғымыз келмесе, шын мәнін­де, демократиялық жүйеге көшуі­міз керек. Мысалы, әлемде 194 тәуел­сіз мемлекет болса, соның 150-ге жуығы демократиялық саяси жү­йені таңдап алған. Бұл бекерден бекер емес. Қазақстан әлемдік демо­кра­тия­ландырудың үшінші толқыны­на қосылып отыр. Жалпы, демократия­ландыру толқындары ХІХ ғасырдың бас кезінен-ақ басталған. Сондықтан, өзімізді АҚШ, Гер­мания, Франция, Италия, Жапо­ния, Оңтүстік Корея сияқты да­мы­­­­­ған мемлекеттер қатарынан кө­р­­гі­­­­міз келгендіктен де, саяси жү­йе­­ні демократияландыру қ­а­жет­­­тігі туындады. Адам бостан­дық­­­та болмай, материалдық бай­лық келмейді. Азаматтардың сая­си бос­тан­дығының, көзқарас бос­тан­дығының болуы түптің-түбін­де адам­ның экономикалық бостан­ды­ғына жол ашады екен. Ал эко­но­микалық бос­тандық адамның тиімді еңбек етуіне, байлық жа­сауына жол ашады. Қоғамның неғұр­лым әді­летті бола түсуіне жол ашады. Парламент палаталарының бір­лес­кен отырысында қабылдан­ған «Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша енді әрбір бағ­дарлама үшін Үкімет өзі жауап беріп, оларды тікелей өзі іске асыр­мақ. Егер сол мемлекеттік бағдар­лама іске аспай жатса, Үкімет мү­ше­­лері жауапты болмақ. Ондай бағ­­дар­­ламаларды жүзеге асырмаған Үкі­мет мүшесін Парламент үштен бір дауыспен қызметтен алу туралы Президентке ұсыныс та бере ала­ды. Бұрын Парламентте ондай құқық болмайтын. Ал үштен екі дауыспен оны Үкіметтен шығарып тастауға дейін Президентке ұсыныс айта алады. Осының барлығы Үкі­меттің Парламент алдындағы жауап­кершілігін күшейте түспек. Міне, Конституцияға енгізіл­ген өзгерістер мен толықтырулар қоғам­ды демократияландыруға, қоғам­дағы өмірдің бүгінгі ағымына сай Қазақстан қоғамын құруға көмек­те­сетіні даусыз. Сондықтан, біз осын­дай қазақстандық демо­кра­тиялық эволюцияны қуаттауға тиіспіз. Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор АЛМАТЫ