• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Сәуір, 2017

Зардап шеккендерге көмек керек

216 рет
көрсетілді

Сенат отырысында депутат Марат тағымов Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Премьер-Ми­нистрі Б.Са­ғын­та­ев­тың атына де­путаттық сауал жолдады. Та­ғымовты қолдап, сауалға та­ғы он сенатор өз қолдарын қой­ыпты. Ал сауалда былай делінген:

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Бүгінгі күні Қазақстан­ның бірнеше өңірі су құрсауында қалып отыр. Ресми ақпаратқа сәй­кес, еліміздің ор­талық және сол­түстік өңірлерінде су тасқыны 11 сәуірден бастап бе­лең алды. Ақ­мола, Ақтөбе, Қара­ған­­ды, Қос­танай, Павлодар, Сол­түс­­тік Қа­зақ­стан облыстарының бір­­қатар елді ме­кендері мен жолда­рын көктемгі қарғын су шайып кете жаз­дады. 

Кейбір отандастарымыз үйі­нен, бар жиған-тергенінен айырыл­са, бес мыңнан астам үй қо­жалықтары құлау алдында тұр. Жер­гілікті атқарушы билік пен құ­зырлы мемлекеттік органдар жыл басынан бастап депутаттар ал­дында тасқын судың алдын алу шараларына қыруар қаржы бө­луді сұрайды. Алайда, жыл сайын осындай жағдай қайталанып, қап­таған қарғын су біз үшін үй­рен­шікті төтенше жағдайға айналды. Төтенше жағдай басталғаннан бе­рі Ақмола облысына қарасты Ат­басар қаласында 454 үй суға кетіп, 1379 адам көшірілген, Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам үй су астында қалу қа­терінде, Ақтөбе облысында 500-ден астам тұрғын үй су астында қалған.

Ал құзырлы мемлекеттік ор­­гандар болса, осындай жағ­дай Ақмола, Ақтөбе, Қара­ған­­ды, Қостанай, Жамбыл об­лыс­та­рын­дағы су қоймаларына тасқын жә­не еріген қар суы толассыз ағып ке­луіне байланысты ағызатын су­дың мөлшерін сәл қосу қажет болуы себебінен елді мекендер мен автожолдарды су басты деп қолдарын қусырып отыр. Ендігі біздің сауалымыз. Неліктен осы күнге дейін құзырлы органдардың жауапты қызметкерлері өзінің кә­сіби шеңберінің тарлығын та­би­ғи катаклизмдерімен жасырып ке­леді? Олардың жауап беретін кү­ні келе ме?

Әділеттік үшін атап кетуіміз де керек, бүгінгі таңда Төтенше жағ­дайлар комитетінің азаматтары өз борышын адал орындап ке­леді. Бірақ зардап шеккен тұр­ғындардың миллиондаған шы­ғынын кім өтейді? Ел аман, жұ­рт ты­нышта мұндай жағдайға жер­гі­лікті биліктегі азаматтар қалай жол берген?

Сондықтан, отандастарымызды толғандыратын екі мәселе ту­ындап отыр. Біріншіден, қи­ын жағдайға душар болған жер­лес­терімізге Үкімет тарапынан қан­дай жәрдем көрсетіледі? Екін­ші­ден, мұндай жағдай қайта орын ал­мас үшін Үкімет қандай шаралар қолға алмақшы?

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жо­ғарыда баяндалғанды жә­не қоз­ғалған мәселелердің маңыз­ды­лығын ескере отырып, осы сау­ал бой­ынша тиісті шаралар қа­был­дау­ыңызды сұраймыз».

Соңғы жаңалықтар