• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Сәуір, 2017

Еліміз үшін тиімділігі мол құжат

171 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Кон­с­титуциялық заң­на­ма, сот жүй­есі және құқық қорғау ор­гандары комитетінің ке­ңей­тілген отырысында «Ха­лық­аралық жеке құ­қық жө­ніндегі Гаага кон­фе­ренциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Халықаралық жеке құқық жө­нін­­дегі Гаага конференциясының мақ­­саты халықаралық жеке құ­қы­қ­тың ережелерін бірте-бірте уни­­фи­кациялауға ұмтылу болып та­­былады. Оның құ­рамына 79 ел мен Еуропалық одақ еніп, 80 мү­­­ше­­ге жетті.

Бүгінгі таңда Гаага кон­фе­рен­ция­сының аясында 39 конвенция ж­а­салған болса, біздің елі­міз олар­дың 8-ін ратификациялады.

Гаага конференциясына мү­ше болуы Қазақ­стан құқық жү­йе­­сінің әлемдік стандарт­тар­ды ес­­­кере отырып, одан әрі дамуына, қазақ­стан­дық азаматтардың шет елдердегі мүдделері мен құ­қықтарының қорғалу тиімділігін арт­тыруға ықпал етеді. Және де Қа­зақстанға ортақ істер мен саясат жө­ніндегі кеңеске қатысуға, кон­ве­н­ция жобаларын әзірлеу үшін ар­найы комиссиялар жұмысына қатысуға немесе Гаага конфере­н­ц­иясы жұмысының аясында ха­лық­аралық жеке құқықтың барлық мә­селелерін зерделеуге, Гаага кон­вен­­ция­сына үйлестіруді талдау ба­ры­сын­да Гаага конференция­сы мен оның мүшелерінің са­рап­тамалық (техникалық) көмегін алу­­­ға немесе өзге Гаага конвен­ция­­л­арына қосылудың ти­ім­ділігі мәселелерін қарастыруға мүм­кін­дік береді.

Заң жобасы палата қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар