• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2017

Жүз жылдай уақыт бұзылмай сақталған шай табылды

330 рет
көрсетілді

Түркінің төрі, алаштың ата жұрты болған Қатонқарағай ауданынан тамаша жәдігерлер табылды жақында. Жергілікті журналист Жәнібек Қызыр Қатонқарағай ауылындағы ескі ғимараттың шатырынан табылған көне шайдың бір ғасырдан астам тарихы болуы мүмкін екендігін айтады.

«Кезінде орыс көпестерінен қалған қарағай үй өткен ға­сыр­­дың басында НКВД ұйы­мы­ның ғимараты болған. Би­ы­л Шыңғыстайдағы Әбді­ке­рім ме­ктебіне 100 жыл то­ла­­­тын­­­дық­тан, соның бос жат­қан ор­нына осы ғимаратты апа­рып қою жөнінде шешім қабылданған еді. Көне шай осы ғимараттың шатырынан шықты. Шай ке­сектерінің ұзындығы – 24, ені – 18,5, қалыңдығы – 1,4 сан­ти­метрді құрайды. Шай бе­тінде «В.Высоцкий», «Чыс­тый Цей­лонский» деген жазулар, ком­па­нияның ке­ме түріндегі сауда белгісі жә­не арабша таңба бедерленген. Сонымен қатар, шатырдан бірнеше орам бұл табылды. Бір таң­ғаларлығы, барлығы сол қал­пында сақталған», дейді журналист.

Ескі ғимаратты бұзу кезінде құрылысшылар сондағы бір бөл­менің қабырғасынан «Шабдан 1928» деп кирилл қарпімен бедерленген және арабша жазылған жазбаларды байқапты.

Аудандық мәслихат хатшысы Дүйсен Бралинов бұл бөлменің кезінде қапас болғанын, ал Шаб­данның Әбдікерім болыстың ұлы екен­дігін, 1928 жылы әкесі екеуі Қытай асқанға дейін ол осы жерде уақытша қамақта отыруы әбден мүмкін екендігін айтады.

Қазіргі уақытта Шыңғыстай ауылында кезінде Әбдікерім болыс салдырған мектеп ғимараты қайта қалпына келтіріліп жатқан көрінеді. Бұл жерде мұражай ашылады деп жоспарланып отыр. Ша­тырдан табылған жәдігерлер осы мұражайға қойылатын болады.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар