• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2017

Қарағанды-Жезқазған автожолы жөнделеді

349 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында Қарағанды-Жезқазған автожолының бүлінген бөлігі жөнделеді. Республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанда өткен көшпелі кеңесте мәлім етті, деп жазады strategy2050.kz.

«Қарағанды-Жезқазған» тас жолын жөндеу мәселесін шештік. Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп үлкен жұмыс атқарылды. Жолды жөндеу үшін республикалық бюджеттен қаржы табылды. Жалпы кома 2 миллиард теңгені құрайды. Шамамен 200 км проблемалық учаске жөнделеді», - деді Ерлан Қошанов.

Бірінші транш - бір миллиард теңге алынды. Екінші бөлігі мамыр айында болады деп күтілуде.

«Қазақавтожол» кәсіпорнының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі. Жаңартылған тасжол қазан айына қарай пайдалануға берілмек.