Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Альберт Линдер жеңімпаз атанды.
69 кг салмақтағы А.Линдер қоссайыс қорытындысында 335 кг көрсеткішпен бірінші орынға көтерілді. Осылайша, Ашхабадтағы Азия біріншілігі Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.