Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған елшісі Абзал Сапарбекұлы Анкарада Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанға Сенім грамотасын табыс етті. Бұл туралы Түркия Президентінің сайтынан хабарланды.
Айта кетейік, Абзал Сапарбекұлы осыған дейін Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.