
Кей жерлерінде жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсерлі жаңбырлар күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынды болуы мүмкін. Ашық күн райы тек батыста, оңтүстік батыста болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-22 м/с артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.